RU

Шымкенттік әйел шиіттей бес баласын күйеуіне тастап, үйінен қашып кеткен (фото)

Оңтүстікте бес баласын тастап кеткен көкек ана елдің сынына ұшырады. Анасының қарауынсыз қалған балаларды әкесі қамқорлығына алыпты. Шиіттей бала-шағасымен өлместің күйін кешкен жалғызбасты әке өз перзентіне жаны ашымаған безбүйрек әйелінің әрекетіне ашынады. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Оңтүстіктің тұрғыны Бағлан Темірбеков бес баласын қазір өзі қарап отыр. Бір ұлы мүгедек. Сондықтан, үй жағдайында оқытуға мәжбүр.

Жұбайы Заринамен ажырасқан соң балалары анасының қарауына берілген. Кейін келіншек оларға қарамай, ұратынды шығарады. Анасының қорлығынан шаршаған ұлдары әкесінен ажырағысы келмейтіндерін айтқан.

"Менің үш ұл, екі қызым бар. Әйеліміз екеуміз жараса алмадық. Бесіктегі баламды тастап кете беретін. Жеті-сегіз айлап көше қаңғып кететінді шығарды. Сонымен біз соттастық.

Соттың шешімі бойынша бес балам әйелімнің қолында қалған. Бірақ, әйелім оларға қарамай, қаңғып кетті. Амал жоқ, балаларды өзімнің қамқорлығыма алдым. Бірақ, анасы оларды іздеп келмейді. Балаларым да анасын көргісі келмейді", - дейді Бағлан Темірбеков.

Зарина бес баласы үшін мемлекеттен жәрдемақы алады. Бірақ, перзенттері үшін бір тиын да әкелмейді екен.

Ал, жалғызбасты әке үйдегі бала-шағасын ысырып, жұмыс істей алмайды. Өйткені балаларды сеніп тапсыратын әзірге ешкім жоқ.

"Намыс болса да айтайын, бала-шағамның киетін киімі жоқ. Қыстың суық күнінде аяқтары жаурап жүр. Мемлекет балаларымды қамқорлығына алған. Бірақ, оның бір тиыны да балама берілмейді. Әйелім қалтасына салып, тайраңдап жүр.

Жәрдемақы жөнінде Төле би аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне көмекке жүгіндім. Балаларымның жәрдемақысын өздеріне берсе деймін. Бірақ, олар да көмектесуден бас тартып отыр. Айтуларынша, соттың шешімі бойынша балалар анасының қамқорлығында. Сондықтан, көмектесе алмайды екен", - дейді Бағлан Темірбеков.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің бірқатар өңірлерінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Жол қасіреті: Маңғыстауда жүргізуші көлік ішінде тірідей жанып кетті

Рамзан Қадыровтың қызы эротикалық іш киімдердің дүкенін ашты (фото)

Амангелді Айталы: Қазаққа «Құдай салды, біз көндік» деген көзқарастан арылу керек

Баян Мақсатқызының атышулы "Кешью" тобы "Жыл таңдауы" жүлдесінен құр қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1699544-shymkentte-qanhghyryp-kete-beretin-ayel.html