RU

"Әкімнің сөзін пысқырмады": Астаналықтар жаңа жылға дайындықты бастап кетті (фото)

Астаналықтар жаңа жыл мерекесіне қазірден бастап қызу дайындыққа кіріскен сауда дүкендерін сынап тастады. Айтуларынша, Астана əуелі Тəуелсіздік күніне, кейін Жаңа жыл мерекесіне əзірленуі тиіс.

Елорданың Жаңа жыл мерекесіне дайындықты қазірден бастап кеткені рас па? Шаһар əкімі Əсет Исекешовтың сөзін кімдер елеп-ескерді? NUR.KZ тілшісі қала тұрғындарымен тілдесіп, астаналықтардың мереке күндері қарсаңындаңы көңіл-күйін біліп қайтты.

Астана биылғы жылы "алдымен Тəуелсіздік күнін атап өтеді, содан кейін барып Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастайды" деген əкім Исекешовтың сөзі далада қалған сыңайлы. Оған дəлел, қаланың келер жылға дайындығына қазірден бастап кірісіп кеткені болып отыр.

Мəселен, қаладағы ірі сауда орталықтары алдында шырша бой көтеріп, сауда дүкендері жаңа жылдық гирляндтарды іліп қойған көрінеді.

Елорда сауда дүкендернің бұл "əрекеттеріне" тұрғындар да ашулы. Айтуларынша, қала əуелі Тəуелсіздік күнін атап өтіп, одан кейін ғана жаңа жыл мейрамына əзірленуі тиіс екен.

"Міне, көрдіңіздер ғой, шыршаны қойып қойған, бутиктерде де түрлі "əлем-жəлем" əшекейлер. Жылда осылай, бұларға Тəуелсіздік күнінің қадір-қасиетін қалай түсіндіру керек, білмеймін? Əкімнің өзі айтты емес пе, биыл Тəуелсіздік күнін атап өткен соң ғана, жаңа жыл тойланады деп. Əкімнің сөзін пысқырған бұлар жоқ. Білмеймін, қайда бара жатқанымызды, бізде сөз басқа, іс басқа, соған етіміз əбден үйреніп кеткен секілді", - деп күйінді астаналық Жұмабек есімді ақсақал.

Шаһардың сол жəне оң жағалау деп екіге бөлінетінін ескерсек, Астананың оң жағалауындағы сауда орталықтары да жаңа жылға дайындықтан алдына жан салмайтынын байқадық. Əдемі безендірілген шыршалар, гирляндылар мен түрлі жаңажылдық əшекей бұйымдар да сауда дүкендерінен орын тепкен.

"Бұл жыл сайынғы көрініс қой, таңғалатын түгі жоқ. Тəуелсіздікті тойлаймыз дейміз, қайдам? Міне бір-ақ апта қалды ғой, əлі күнге дейін қаланың бір жерінен тəуелсіздікке қатысты бір нышан байқамадым. Өзім оралманмын, елім,жерім деп келдік. Осы азаттықтың қадірін жастар білсе екен деймін. Ол үшін, ел болып, қаланың атқамінерлері болып дəріптеп, мықтап кəрісу керек. Ал, біздікі мынау, екі ай бұрын жаңа жыл деп жылда шұрқырап жатамыз", - дейді астаналық Мұқият есімді тұрғын.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Жыл таңдауына" қатыспаған Төреғали додаға қатысты өз шындығын жайып салды

Алматы облысында 3 жасар қыздың әуретті жеріне балабақшада ойыншық тыққан

Қыстауда бірнеше еркек жабылып зорлаған келіншектің ісін прокуратура қолға алды

Әйгілі ресейлік актрисаны көңілдесі азаптап, өлтіріп тастады (фото)

Тасбақа да ұрланған: Ұлттық банк төңірегіндегі дау-дамай әлі де басылар емес (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1699577-akimninh-sozin-pysqyrmady-astanalyqt.html