RU

Әлемдегі ең ақылға қонымсыз жеті той дәстүрі

Кей дәстүрлер көпшілікке оғаш көрінетіні соншалық, жұрт оларды ақылға қонымсыз деп бағалап жатады. NUR.KZ порталы осы орайда әлемдегі ең ақылға қонымсыз жеті той дәстүрін "Гроб Топ" YouTube парақшасына сілтеме жасап назарға ұсынады.

1. Жыныстық қатынаста көмектесу

Кей африкалық ауылдарда жас жұбайлардың алғашқы неке түніне қалыңдықтың анасы да қатысады. Ол жыныстық қатынасты бақылап, қызына ақыл-кеңесін айтып отырады. Ақыл-кеңесін айтып қана қоймай, дұрыс жыныстық қатынасқа түсудің жолын да көрсетеді.

Алайда кей кездері мұндай көмекті қалыңдықтың анасы емес, ауылдағы ең сыйлы әрі жасы үлкен кейуана көрсетуі мүмкін.

2. Семіздік - сұлулық

Мавританияда семіздікті сұлулық деп санайды.

Сол себепті, өңірде тұрмысқа шыққысы келетін бойжеткен семіру үшін барынша майлы тамақ жей бастайды.

Тіпті қалыңдықтарды жеткілікті дәрежеде семіртуге арналған арнайы лагерь бар.

3. Балықпен ұру

Корея халқы да дәстүрлерімен таң қалдыруда. Тойдан кейін күйеу жігіттің достары оның шұлығын шешіп алады.

Кейін оны күштеп ұстап, табанынан балықпен ұруға кіріседі.

Бұл күйеу жігітті алғашқы неке түніне дайындаудың бір амалы екен.

4. Күлмеу

Конгода жас жұбайларға той кезінде күлуге, тіпті жымиюға рұқсат етілмейді. Егер олар күліп қойса, неке бұзылды деп саналады.

Той қонақтары да көңілсіз жүреді. Олар күлуге рұқсат болса да, жас жұбайлар да жымиып қоймас үшін барынша ұстамды болуға тырысады.

5. Кілем адам

Маврикияда қалыңдықтың туыстары жерге жатқызылып, жас жұбайлар олардың үстінен кілем секілді басып өтеді. Бұл құдалар арасындағы сыйластықтың берік екенін анықтау үшін орындалатын дәстүр болып шықты.

6. Ыдыстарды сындыру

Германияда тойда барлық қонақтар ыдыс-аяқ көтеріп келеді.

Олар ыдысты сыйлау үшін емес, шағу үшін алады. Бәрі жаппай ыдысты шаққан кезде жас жұбайларды күтіп тұрған жамандықтардың көзі жойылады деген сенім бар.

7. Жануармен неке қию

Үндістанда жаунармен неке қию дәстүрі бар. Олардың пікірінше, жануармен некелесу екінші некенің бақытты болуына және жамандық атаулыдан құтылуға мүмкіндік береді.

Әдетте адамдар иттермен, ешкілермен, тіпті бақамен неке қиып жатады.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің бірқатар өңірлерінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Жол қасіреті: Маңғыстауда жүргізуші көлік ішінде тірідей жанып кетті

Рамзан Қадыровтың қызы эротикалық іш киімдердің дүкенін ашты (фото)

Амангелді Айталы: Қазаққа «Құдай салды, біз көндік» деген көзқарастан арылу керек

Баян Мақсатқызының атышулы "Кешью" тобы "Жыл таңдауы" жүлдесінен құр қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1699598-alemdegi-enh-aqylgha-qonymsyz-zheti-toy-d.html