RU

Ақтаулық оқушы 9-қабаттан секірмес бұрын елбасыға хат жазып кеткен (фото)

Маңғыстаулық жеткіншек тоғызыншы қабаттан секірмес бұрын елбасыға қоштасу хатын жазып кеткен. Жаға ұстатар жайтты оқушы қыздың анасы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Маңғыстауға жеті жыл бұрым күйеуімнің жұмысына байланысты көшіп келгенбіз. Жолдасым Ержан Тілеулиевтің ГМ 172/6 түзеу мекемесінің басшысы ретінде сайланғанына екі ай болмай жатып жергілікті жемқорлықпен күрес басқармасы үстінен қылмыстық іс қозғады. Басты айып сотталғандардың туыстары түрмеге ерікті түрде әкеліп берген 70 мың теңгелік ноутбукті «бопсалап, пара алды» деп жеті жылға соттап жіберді.

Сол кезде менің жолдасымды барлық телеарналар «тойымсыз басшы», «парақор, ұрының дүние-мүлкі тәркіленді» деп айтып жаңалықтардан көрсетті. Шын мәнісінде біздің жеке пәтер түгіл көлігіміз жоқ, несие төлеп жүрген орташа жағдайлы отбасымыз. Осы оқиға бала-шағамызбен бәріміздің жанымызға батты. Менің күнде жылай бергенім, елдің өсегі мен журналистердің жаңалықтардағы асыра сілтеген сөзі 14 жастағы қызымның жүйкесіне әсер еткен. Ол отбасының құрдымға кеткенін көріп, секіріп өлмек болған. Яғни, әкесі ұзақ мерзімге сотталып кетті, мында мен төрт баламен қаңғып қалдым. Себебі, пәтерге төлейтін ақша жоқ, таныстардың үйін паналап жүрміз. Барлық адам оған ұрының баласы секілді қараған», - дейді өзіне өзі қол салмақ болған оқушының анасы.

 Жеткіншек сабақтан шыққан соң мектептің жанындағы тоғыз қабатты ғимараттың үстіне шығып, секірмек болғанын сыныптастары көріп қалып, құтқарған. Артынша оқушылар мән-жайды мектеп мұғалімдеріне айтыпты. Білім ордасының психологы  өмірімен қоштаспақ болған оқушыға қорытынды шығарып, суицидке бару себебін де анықтаған. Білім ордасының ұстазы оқушыда үрей, депрессия, стресс барын анықтап анасына ескерту жасапты.

Ал жеткіншектің елбасыға жазған хаты оның сөмкесінен табылған. Қыз бала әр күн сайынғы оқиғаны күнделік секілді қағаз бетіне түсіріп, жинай берген.

«Елбасыға хат!

Менің отбасымда болған жағдай жүрегімді ауыртады. Менің әкем кінәсіз сотталды. Әкемнің қиналғанына шыдай алмаймын. Менің әкем кінәлі емес! Ол бізді адал, шыншыл болуға үйретті. Үйде бәріміз қиналып жүрміз. Кішкентай үш інім бар. Олар: «папам қашан келеді?» деп сұраған кезінде жүрегім ауырады. Е, Аллам менің әкеме көмектесші. Ата-анамның, бауырларымның қиналғанын көргім келмейді. Менің әкем Қазақстан Республикасының адал қызметкері. Оның көптеген мақтау қағаздары мен медальдары бар. Мен өз әкемді мақтан тұтамын. Бар арманым –ата-анам, бауырларым барлығымыз бұрыңғыдай бақытты, тату-тәтті өмір сүрсек екен деп тілеймін» делінген қоштасу хатында.

Шиеттей төрт баламен жалғыз қалған экс-полицейдің әйелі жолдасын ақтап алу үшін жоғарғы сотқа аппеляциялық шағым да түсірген.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Қожамжаров: Әбілязов пен Храпуновтың жазасын береміз

Қазақстанның Бас мүфтиі қызметінен кетті (фото)

Шымкенттік әйел шиіттей бес баласын күйеуіне тастап, үйінен қашып кеткен (фото)

18 жастағы атыраулық бойжеткен түрік танысын оңбай алдап, әмиянын ұрлап кетті

Күні кеше некесін қидырған Баян мен Тұрсынғали қонақүйде романтикалық кеш өткізді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1699615-aqtaulyq-oqushy-9-qabattan-sekirmes-bur.html