RU
Жүрсін Ерман айтысқа радикалды діни топтардан қауіп төніп отырғанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Жүрсін Ерман айтысқа радикалды діни топтардан қауіп төніп отырғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман биыл алтыншы рет өтуі тиіс "Алтын домбыра" ақындар айтысының төңірендегі дау-дамай туралы айтып, Жас алаш газетіне сұхбат берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жүрсін Ерман айтысқа радикалды діни топтардан қауіп төніп отырғанын айтты

Жүрсін Ерман

Жүрсін Ерманның айтуынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі рұқсатын беріп отырған айтыс биыл өтпейтін болыпты.

Себебі, маңызды шараны өткізу «радикалдық діни ағымдардың мүшесі» делінетін ақындарға жүктелген. Жоғарыдағы басшылық халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер одағын бұл жауапкершіліктен шеттеп отыр. Ал ақындар болса, одақ болмаса қатыспаймыз деп, «Алтын домбырадан» бас тартқан.

Жүрсін Ерман сәуір айында елбасымен тікелей жолығып, айтысты жиі өткізіп тұру жөнінде тапсырмасын алған.  Бұдан бөлек, 15-желтоқсанда «Тәуелсіздікке тарту» деген атпен ұйымдастырылғалы отырған айтысқа да әкімдік шектеу қойыпты.

- Президент төл өнерді дамытып, жер-жерлерде айтыс өткізуді, соңынан қорытынды айтыс ұйымдастыруды тапсырған болатын. Дегенмен ел тізгінін ұстағандар патшаның бұл тапсырмасын біле тұра, айтыстың жолын кес-кестеуден таймай отыр, - дейді айтыс жанашыры.

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада су жаңа аурухананың төбесі емделушінің басына құлап түскен (фото, видео)

Илья Ильин: Мені спорттан оңайлықпен кетіре алмайды

Бахтияр Артаев: Бізге арабтың немесе парсының дәстүрін әкелудің қажеті жоқ

Атақты Лионель Месси Кеңес Рақышевтің компаниясында елші болды

Егіз жігіттер мен егіз қыздардың тойы әлем назарына ілікті (фото)

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
32
1
6
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel