Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 3 жасар қыздың әуретті жеріне балабақшада ойыншық тыққан

Опубликовано:

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласындағы мемлекеттік балабақшалардың бірінде адам шошырлық оқиға орын алды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Үш жасар қыз баланың әуретті жеріне топтағы балақайлар ойыншық машина мен қуыршақтың аяғын тыққан. Бұл туралы зардап шеккен бүлдіршіннің ата-анасы айтып берді.

«Оқиға өткен айдың аяғында орын алды. Кешке балабақшаға барғанымда тәрбиешілер «қызыңыздың іш киімі қан, неден екенін білмедік. Мүмкін анасының іш киімін киіп, жұқтырып алған шығар» деп шығарып салған. Тіпті мекеме мейірбикесі жедел жәрдем шақырмай, істі жылы жауып қойған. Мен баланы үйге қалдырып түңгі ауысымдағы жұмысыма кеттім. Әйелім қыздың көңіл күйі жоқ болған соң сөзге тартып, тексерсе бұтынан қан кетіп жатқан. Жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға апардық. Сол жерде 3 жастағы тұңғышым бар шындықты айтып берді. Оның сөзінше үш бала қызымды жығып, әуретті жеріне ойыншық машина мен қуыршақтың аяғын тыққан» ,- деп күрсінді жәбірленушінің әкесі.

Кішкене қыздың жыныс мүшесінің зақымдалғаны жайлы хабарлама полицияға да жетіп, іс Қарасай ауданында тіркелген. Артынша жәбірленушінің ата-анасының шағымына байланысты медициналық сараптама тағайындалып, балабақша қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.

Қатты шошып қалған бүлдіршін қазір балабақша түгілі, көшеге шығудан қорқып қалған.

«Көлікке отырып жолға шықсақ болды, шырылдап «балабақшаға апармашы» деп жалынып жылайды. Түнімен шошып, айқалайды, әйеліміз екеуміз кезектесіп көтеріп жұбатып шығамыз. Мен ашуландырғаны - қызымның әбүйіріне ойыншық тығып, балалар ойына келгенін істеген кезде тәрбиеші, басқа қызметкер қайда болды? Баланың асты қанап жатқанын көріп, дәрігер неге шақырмайды? Аудандық білім бөліміне де арыз жаздым,  біреуі келіп кешірім сұрамады. Сонда бұларда жауапкершілік, ар-ұят деген жоқ па? Маған олардың көк тиыны да керек емес, қызымды психологқа апарып емдетіп берсін. Тіпті тәрбиеші әлі күнге дейін жұмысынан қуылмаған» , - деп ренішін білдірді Қаскелең қаласының тұрғыны.

Аталған жәйтті Алматы облысының ІІД растап, редакциямызға хат жүзінде пікір білдірді.

«ҚР ҚК 141-бабымен қарастырылған сотқа дейінгі тергеу Қарасай АІІБ-ның тергеуді бөлімі жүргізіп жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша қыз баланы зорлау фактісі расталмады. Дәрігерлердің берген қорытындысында балаға жеңіл дене жарақаты келтірілген, қыз абыройының тұтастығы бұзылмаған деп көрсетілген. Қылмыстық істі тергеу облыстық тергеу басқармасының қатаң бақылауында» ,- деп жауап берген Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары Болат Тенезбаев.

Тағы оқыңыздар: 

Ерке Есмаханның туған ағасы Бас мүфтидің орынбасары болып тағайындалды

Алматылық дәрігерлер есін білмейтін ер азаматтың туыстарын іздеп жатыр (фото)

Қазақстан азаматы Ресей тұрғынын өлтіріп, мәйітін шошқаларға жегізген

Ерекше көрікті бүлдіршін әлем жұртшылығының таңдайын қақтырды (видео)

Жиырма бес қобызшы қызбен сахнаға шыққан "Аssyl" тобы залды жарды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1699790-almaty-oblysynda-3-zhasar-qyzdynh-aurett/

pixel