RU

Ерке Есмаханның туған ағасы Бас мүфтидің орынбасары болып тағайындалды

Ақтөбе облысының бұрынғы бас имамы Бауыржан Есмахан Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының наиб имамы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті. Жиналыста ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды.

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады. Ал оның орынбасары қызметіне ақтөбелік Бауыржан Есмахан тағайындалды.

Әнші Ерке Есмаханның туған ағасы Бауыржан Есмахан 1975 жылы дүниеге келген. Діни білімді Түркиядағы Ыстамбұл қаласында алған. 2008 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Ұзақ уақыт бойы Ақтөбе облысындағы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі болған. Ақтөбедегі үлкен мешіт — «Нұр Ғасырда» бас имам болып қызмет атқарған.

2012-2016 жылдары Ақтөбе облыстық дін істері басқармасын басқарды.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Ақтаулық оқушы 9-қабаттан секірмес бұрын елбасыға хат жазып кеткен (фото)

"Жыл таңдауына" келген көрермен концертке уақыт бөлгеніне өкініп қалды (фото, видео)

"Жыл таңдауында" Айқынның жүлдесі басына түсіп кете жаздады (видео)

ШҚО-да баспалдақтан құлап кеткен оқушы комадан кейін есін жиды

Полицейден қорыққан ұры қаруын әуретті жеріне тығып жіберді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1700040-erke-esmakhannynh-tughan-aghasy-bas-mufti.html