RU

Ақтөбе әкімі мүгедек баласымен пәтер жағалап жүрген әкеге баспана сыйлады (фото)

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов мүгедек баласымен пәтер жағалап жүрген жалғызбасты әкеге баспана берді деп хбарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Журналистерге, интернет желісін тұтынушыларға көп рахмет. Сіздер арқылы бұл отбасының проблемасы туралы естідік. Жағдайды бірден бақылауымызға алып, отбасыға көмек көрсетудің жолдарын қарадық. Отбасыға берілген бұл үй осы уақытқа дейін қараусыз, иесіз тұрған. Үй адам тұратындай жағдайда болған жоқ. «Қолғанат Ақтөбе» қорының қаржылық қолдауымен үйді жөндеп, отбасыға беріп жатырмыз. Болашақта коммуналдық меншікпен бұл үйді осы кісінің атына аударуды қараймыз. Мүгедек бала тәрбиелеу оңай емес, қиын. Менің інімнің баласы да осындай мүгедек, аянышты», - дейді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Асылбек Оспановтың отбасы туралы осыған дейін де жазған болатынбыз. Ер адам үш жыл бұрын әйелімен ажырасып кеткен. Араларындағы екі бала да мүгедек. Әйелі екеуі екі баланы бөліп алып, бір-бірінен алимент сұрамауға уәде берген.

«Алғашында екі баланы да маған берді. Бірақ, мен екеуін баға алмадым. Сондықтан әйеліме үлкен баланы алып кетуін сұрадым. Ол үлкен баланы бір жылға оңалту орталығына берген. Мен осы 6 жастағы Рахат деген баламмен ертелі-кеш үйде отырамын. Үй алатынымды кеше хабарлады. Осында түнде ғана көшіп келдік. Қуанышымда шек жоқ. Әкімшіліктің жасап жатқан бұл қолдауына алғысым шексіз. Осыған дейін жатақханалардың шағын бөлмесін жалдап тұрдым. Көпшілігі менің жалғыз өзімнің бала баққанымды қызық көріп жатыр. Ер адам да бала бағады. Бауыр етің балаң қиналып, жатқанда жаныңды бересің. Балаларымның алдында әкелік парызымды орындағым келеді», - дейді Асылбек Оспанов.

Ақтөбе қаласының әкімі отбасыға теледидар сыйлап, болашақта баланың еміне де көмектесуге уәде берді.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар: 

Ерке Есмаханның туған ағасы Бас мүфтидің орынбасары болып тағайындалды

Алматылық дәрігерлер есін білмейтін ер азаматтың туыстарын іздеп жатыр (фото)

Қазақстан азаматы Ресей тұрғынын өлтіріп, мәйітін шошқаларға жегізген

Ерекше көрікті бүлдіршін әлем жұртшылығының таңдайын қақтырды (видео)

Жиырма бес қобызшы қызбен сахнаға шыққан "Аssyl" тобы залды жарды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1700203-aqtobe-akimi-mugedek-balasymen-pater.html