RU

Алматыда мугедек лауреаттар марапатталды

Кеше Алматыда "Самғау" мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы қоғамдық сыйлықтың лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

"Самғау" - қоғамның мәдени өміріне қатысып, алға мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп, Қазақстан Республикасында мәдениет, спорт, білім және қоғамдық қызметте жетістікке жеткен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сыйлық.

"Самғау" қоғамдық сыйлығы "Бауыржан" қоғамдық қайырымдылық қоры және "Мейірім" жеке қорының бастамасымен және "ҚазРосГаз" компаниясының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған осы жылдың маңызды жобасы болып танылып отыр.

Өтініштер қабылдау уақытында ұйымдастырушылар 200-ден аса сауалнамамен танысқан. Мүгедектер арасынан сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы қоғамдық кеңес құрылып, олардың құрамына кино, эстрада, саясат, ғылым, білім, ҮЕҰ, бизнестің танымал өкілдері енген.

Сонымен биылғы "Самғау" қоғамдық сыйлығының лауреаттары түрлі аталымдар бойынша марапатталады. "Білім саласындағы жетістігі үшін" Зинаида Михайлюкова, "Спорт саласындағы жетістігі үшін" Максим Рожков, "Қоғамдық қызметтегі белсенділігі үшін" Руслан Төлегенов, "Әдебиет саласындағы жетістігі үшін" Байболат Әубәкіров, "Мәдениет саласындағы жетістігі үшін" (сурет салу өнері) Анар Абжанова, "Мәдениет саласындағы жетістігі үшін" (өлең айту өнері) Айтжамал Алпысова, "Мәдениет саласындағы жетістігі үшін" (хореография) Амангелді Қапанов, "Балалар шығармашылығы" аталымы бойынша "Сәт" Триосы марапатталды.

Жалпы сыйлықтың жүлде қоры - 2 500 000 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/170022-almatyda-mugedek-laureattar-marapattaldy.html