RU

Алматыда Президенттің жаңа индустриялық бағдарламасын қолдау акциясы басталды

Еліміздің шоу бизнес өкілдері, әншілер, тележүргізуші, өнер адамдарының қатысуымен Алматыда ҚР Президентінің Жаңа индустриялық бағдарламасын қолдау акциясы басталды.

Бүгін құрамында белгілі әншілер Нұрлан Абдуллин, Мәдина Садуақасова, Айқын Төлепберген, Меруерт Түсіпбаева, Алмас Кішкенбаев, тележүргізуші, актер Азамат Сатыбалды, Назгүл Қарабалина, тележүргізушілер Динара Сәтжан, Яна Бобрыка бар топ Алматы облысындағы "RG Brands Kazakhstan" ЖШС-нің Ақсеңгір бөлімшесінде, "Danone Berkut" сүт өнімдері зауытында, "Damu" логистикалық орталығында, "Ақпараттық технологиялар паркі" АЭА болды. Естеріңізге сала кетейік, бұл зауыттар жаңа индустриялық -инновациялық даму бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда.

Шоу бизнес өкілдерінен құралған қолдау тобы зауыттардың жұмысымен танысып, өндіріліп жатқан өнімдерді көрді. "Ақпараттық технологиялар паркі" АЭА-де оларды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Берік Камалиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкенов қарсы алып, индустриялық-инновациялық бағдарлама туралы толық мағлұмат берді.

Зауыттардың өнімдері мен бағдарламаның ауқымдылығын көріп, таңданысын жасыра алмаған өнер адамдары еліміздің шын мәнінде дамудың даңғыл жолына бет алғанын сезіндік дейді.

Олар шара барысында бұл бағдарламаның жүзеге асуына бүкіл халық болып атсалысуға шақырды.

"Бұл істің басында біз де жүреміз",- дейді белгілі әнші Нұрлан Абдуллин. "Бүгін зауыттарды аралап көріп, дүкендерде тұрған кейбір заттың өз елімізде өндірілетініне көзіміз жетті. Шет елдің өнімдерімен бәсекелесе алатын сапалы өнімдердің көріп қуандық",-дейді белгілі жаңа индустриялық бағдарламасын қолдау акциясы басталды әнші, тележүргізуші Мәдина Садуақасова.

Шет елдің өнімдерімен бәсекелесе алатын сапалы өнімдердің көріп қуандық

Насихат тобы ертең еліміздің басқа да қалаларына аттанады. Олар Өскемен, Шымкент, Қарағанды, Көкшетау өңірлерінде болып, индустриялық даму картасы аясында жүзеге асырлып жатқан жобалармен танысады. Сондай-ақ халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Акция республикалық телеэфирден көрсетілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/170025-almatyda-prezidenttin-zhana-industriyalyk-bagdarlamasyn-koldau-akcziyasy-bastaldy.html