RU

Семейде жас ақындар жыр додасына түсті

Республикалық деңгейде 3-ші рет өтіп жатқан жыр мүшайрасы Желтоқсан оқиғасының құрбаны, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің құрметі арналған.

Өнер жүлдесіне Астана мен Қарағандының, Өскемен мен Павлодардың, Қызылорда мен Семейдің мақтаулы өрендері қатысты. Ал Бас бәйгені Қарағандылық Мирас Асанов еншіледі.

Алмас Мырзахметов – Қарағанды мемлекеттік университетінің 4-курс студенті. Бірнеше жыр додаларына қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Жақында өзінің авторлық кешін өткізіпті. Жазған өлеңдерімді жүйелеп, кітап шығарсам деген ойда жас ақын. Қайрат Рысқұлбековке арналған жыр додасына әкелген өлеңі арқылы ол елім деп өткен ердің қазіргі жас буынға айтар сөзін жеткізбек болыпты.

Алмас Мырзахметов, мүшайраға қатысушы /Қарағанды қаласы/: Мен сол кездегі тәуелсіздіктің азаттық күрестермен жай ғана оңайшылықпен келмегендігін жазғым келді. Қанша жастарымыздың қасықтай қанын қиғанын жазғым келді. Кеңес бұғауынан босаған қазіргі жастарымыздың болашағы айқын екенін жазғым келді. Жыр додасына жыл санап қатысушылардың саны артып келеді дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, сынға түскен өлеңдердің де мазмұны тереңдей түсуде.

Мен сол кездегі тәуелсіздіктің азаттық күрестермен жай ғана оңайшылықпен келмегендігін жазғым келді

Республикалық мүшайраға 29 жас өрен қатысты. Сайыс 3 кезеңді қамтыды. Жас ақындар Қайрат Рысқұлбеков рухына арнау, Тәуелсіздік пен еркін тақырыпта жазылған туындыларын оқыды. Фарида Жақсыбаева, Семей Мемлекеттік педагогикалық институты, қазақ филологиясы факультетінің деканы: Былтырғы жылы соңғы минутқа дейін келген ақындарды қабылдап жатқан едік. Биылғы жылы осы барған ақпарат қағаздарына көңіл бөлмей, жайырақ келіп жатқан сұраныстар көп. Біз оған рұқсат бермей отырмыз. Өйткені мүшайраның алдында өлеңдердің стильдік қателері, әртүрлі қателер болатын болса, сол алдын-ала төралқа мүшелерінің назарынан өтуі керек. Сондықтан біз оны биыл қатты қадағалап отырмыз.

Жарысқа қатысушылардың шығармаларын елімізге танымал ақындар бағалады.

Жыр мүшайрасында бас жүлде Қарағандылық Мирас Асановтың еншісіне тиді.

Ақындардың бірде-бірі сый-сияпатсыз қалмады. Жас таланттар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/170031-semejde-zhas-akyndar-zhyr-dodasyna-tysti.html