RU
Есентаевтың қарындасы қамаудағы ағасының болашақ жары туралы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Есентаевтың қарындасы қамаудағы ағасының болашақ жары туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қамаудағы Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Instagram парақшасына жазба қалдырып, ағасына лайықты жар іздеп, ізгі ниетті жеңге керек екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Есентаевтың қарындасы қамаудағы ағасының болашақ жары туралы айтты

Коллаж

Нағиманың айтуынша, ол ағасының екінші мәрте лайықты жанға үйленгенін қалайтынын жеткізді.

"Қайырлы түн жақсыларым! Қыздар негізі маған бір ой келіп жүр. соны сіздермен бөлісіп көрсем. Әулетімізде осы бір жағдай орын алғаннан бері, мені бір ой мазалайды. Күнде-күнде армандаймын, шіркін.

Пейілі кең ,жүрегі таза, ниеті түзу, адал, мейірімді, ақ жарқын, дастарханды, ерін сыйлай білетін, ас үйге жақын, үйіне барсаң кең пейілмен жарқылдап отырып бір кесе шайын болсада өз қолымен құйып беретін, байлыққа құнықпайтын, арын ақшаға сатпайтын, үйінде күтуші болса да ағатайымның киімін өз қолымен дайындап беретін, "Аллаға аманатсың жаным, жорықта жолың болсын", - деп жылы қабақпен еркелей шығарып салып тұратын, көркіне ақылы сай жеңгем болса екен деп қатты армандап жүрмін", - деп жазды ол.

"Ағтайыма өстіп айтсам, күледі. "Сен кімді ал дейсің, сенің көңіліңе кім ұнайды, соны аламын", - деп қояды. Ағама сүйікті жар болатын, өзіме ерке женгешка, әулетімізге адал келін, тегімізге тіл тигізбейтін, ақ орамалына дақ түсірмейтін жанды қазірден бастап қарайластыра берсем қалай қарайсыздар?

Үмітсіз шайтан ғана дейді ғой. Оның қасында пендеміз. Біздің көшеде де той болар, Алла қаласа", - деп жазды Нағима.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Жыл таңдауына" қатыспаған Төреғали додаға қатысты өз шындығын жайып салды

Алматы облысында 3 жасар қыздың әуретті жеріне балабақшада ойыншық тыққан

Бүгін еліміздің кей өңірлерін қар басып, түтеген боран болады

Әйгілі ресейлік актрисаны көңілдесі азаптап, өлтіріп тастады (фото)

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
19
13
3
10
8
243
15
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel