RU

Ақтөбе облысында 1000-ға жуық намазхан жігіт отбасын тастап кеткен

 

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында өз балаларына алимент төлемей қашып жүрген 5 мыңға жуық азамат бар екен. Солардың мыңға жуығы намаз оқып, дінге берікпіз деген жігіттер көрінеді деп хабарлайды 31-арна.

Сол себепті, облыстағы барлық имамдарға уағыздар арасында отбасы құндылықтарын насихаттасақ, түсіндірсек деген ұсыныс айтып жатырмын», - дейді облыстық дін істері басқармасының басшысы.

"Біздің есебіміз бойынша осының 20-25 пайызы өзінің тұрақты түрде діни рәсімдерін орындап жүрген азаматтар. Көбінесе жалтару, өзінің табысын жасыру, жағдайлары кездеседі. Жер жүзіндегі қандай дінде болмасын балаңды, өзіңнің ұрпағыңды ұмытуды құба құп санамайды", - дейді Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов.

"Қоғамдағы жалғызбасты аналардың көбеюі заңсыз некенің салдары дейді мамандар. Яғни, некені заң жүзінде емес, керісінше мешіттегі имамдарға кестіре салатын ер азаматтар отбасы алдындағы жауапкершілікті сезіне бермейді екен. Естеріңізге салсақ, елімізде дінге қатысты заң қайта қаралып жатыр. Егер өзгертулер қабылданса әр азаматтың қоғам алдындағы, өз баласының алдындағы жауапкершілігі арта түсер еді дейді мамандар", - дейді Жанар Қожанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1700578-aqtobe-oblysynda-1000-gha-zhuyq-namazkhan-zhi.html