RU

Тасбақа да ұрланған: Ұлттық банк төңірегіндегі дау-дамай әлі де басылар емес (фото)

Қазақстанның Ұлттық банкі төңірегіндегі шу әлі де басылар емес. Ендігі дау-дамай тамыз айында айналымға жіберілген "Игілік монетасына" ("Тасбақа") қатысты өрбіді. Бұл туралы Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Адвокат Жанна Меркушеваның айтуынша, монета бейнеленген тасбақа бейнесі қазақстандық-америкалық суретші Лейлә Ахмет-Османның жеке зияткерлік меншігі болып саналады.

«Қазақстанда бұл Lucky Turtle тауар белгісі. Ал олар болса оның қайталанған нұсқасын жасаған. Яғни, көрді де, пайдаланды. Ал енді, өздерінікі дұрыс деп қоймай отыр. Біз оларға шағымымызды жолдадық, онда олардың плагиаты жөнінде және қандай құқықбұзушылыққа жол бергенін айттық. Алайда Ұлттық банк өз әрекетін дұрыс деп санайды. Тіпті, бізде барлығы патенттелген болған күннің өзінде олар солай деп отыр", - дейді қорғаушы.

Құқыққорғаушы Ұлттық банктің өз клиентінің авторлық құқығын мойындап, оған өтемақы төлеткіземін деп бекініп отыр.

Алайда Ұлттық банк монетада қолданылған тасбақа бейнесі ешқандай да плагиат емес деп бет бақтырмауда. Себебі, ондағы цифрлардың орналасу тәртібі әрқалай, - дейд олар.

Еске салсақ, осыған дейін Ұлттық банк жасап шығарған жаңа 500 теңгелік купюрадағы шағаланың бейнесіне қатысты да бірқатар шу туындаған болатын. Бұл тұста Ұлттық банкке плагиат жасады деген айып тағылған. Алайда Ұлттық банктің қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғау жөніндегі департамент директоры Александр Тереньтев желі қолданушыларының ойына пікір айту күлкілі нәрсе екенін жеткізген-ді.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Жыл таңдауына" қатыспаған Төреғали додаға қатысты өз шындығын жайып салды

Алматы облысында 3 жасар қыздың әуретті жеріне балабақшада ойыншық тыққан

Бүгін еліміздің кей өңірлерін қар басып, түтеген боран болады

Әйгілі ресейлік актрисаны көңілдесі азаптап, өлтіріп тастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1700597-tasbaqa-da-urlanghan-ulttyq-bankke-tagh.html