RU
Айнұр Тұрсынбаевадан жеңілген ақын өзін сынаған Төреғалиға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айнұр Тұрсынбаевадан жеңілген ақын өзін сынаған Төреғалиға жауап берді

Расказать Вконтакте

Төреғали Төреәлі жуырда өткен "Жыл таңдауы" байқауында ақындар атынан сайысқа түсіп, Айнұр Тұрсынбаевадан жеңіліп қалған Дидар Қамиевті  Instagram желісіндегі парақшасында сынап, өлең жолдарын арнаған. Көп уақыт өтпестен Дидар парақшасында Төреғалиға жауап қайтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айнұр Тұрсынбаевадан жеңілген ақын өзін сынаған Төреғалиға жауап берді

Скриншот: Instagram

"Мен де түсіне алғам жоқ ісін Жанның,

Жыл таңдауы ордасы емес тұшымды әннің.

Жалаңаш, сырға таққан сайқымазақ,

Әншілерді көргенде ұшынғанмын.

Ақындардың рейтингін жариялады,

Білмеймін атымызды ұсынған кім?!

16 мың жан маған дауыс беріп,

Құсымды елден биік ұшырғанмын.

"Артынан жабық дауыс өтеді"деп,

Айтқанда кім жеңерін түсінді әркім.

Бармай-ақ қояр едім, дауыс берген,

Жандарды ойлап шаруамды ысырғанмын.

Біз саған сенім арттық, ал сен неге,

Бармадың деп айтар деп қысылғанмын.

15 мыңның темірі үшін емес,

16 мыңның көңілі үшін бардым!",- деп жазған Дидар.

Дидардың оқырмандары жабық дауыс берудің әділ өтпегенін айтып, бастысы халықтың бағасын алу екенін жазды.

"Біз үшін Дидар жеңді!", "Әрине, Тұрсынбаева әншілердің жанынан шықпайды. Ол алмай кім алады?", "Телеарна мен шоу-тойларда  тоқалдардың жолы болып тұр, жүргізушілерде солар, дауысы жоқ ақын əнші журналист те солар", "Дидар, бастысы халықтың таңдауы. Сіз біз үшін ең мықты ақынсыз",- деп жазды желідегілер.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлі "Жыл таңдауына" қатысудан бас тартқан болатын. Ұлттық муызкалық жүлде аяқталғаннан кейін, ол парақшасында бұл шараның әділетсіз өткенін меңзеген. 

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Жыл таңдауына" қатыспаған Төреғали додаға қатысты өз шындығын жайып салды

Алматы облысында 3 жасар қыздың әуретті жеріне балабақшада ойыншық тыққан

Қыстауда бірнеше еркек жабылып зорлаған келіншектің ісін прокуратура қолға алды

Әйгілі ресейлік актрисаны көңілдесі азаптап, өлтіріп тастады (фото)

Тасбақа да ұрланған: Ұлттық банк төңірегіндегі дау-дамай әлі де басылар емес (фото)

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
9
3
5
2
2
104
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір