RU
Отандық танымал актер 15 мың долларға той басқарудан бас тартқанын айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық танымал актер 15 мың долларға той басқарудан бас тартқанын айтты (видео)

Расказать Вконтакте

Елімізге белгілі сатирик Бауыржан Ибрагимов өзін 15 мың долларға той басқаруға шақырған ұсыныстан бас тартқанын айтты. "Бауыржан шоу" әзіл-сықақ театрының бас директоры кәсіби актер бола тұра, жұрт алдында микрофон ұстап, той басқаруды өзіне ар санайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ. 

Отандық танымал актер 15 мың долларға той басқарудан бас тартқанын айтты (видео)

Бауыржан Ибрагимов. Скриншот: YouTube

"Жақында Ақтауға той басқаруға асаба ретінде шақырды. 15 мың доллар береді. Мен бармаймын дедім, олар таңғалды. Мен кәсіби актер екенімді және тойға бармайтынымды айттым. Бұл менің беделімнен де төмен. Мен біреудің алдында сүмірейіп микрофон ұстап тұрғанша, қара нан жеймін",-деді актер.

Еске салсақ, Бауыржан Ибрагимов елімізге белгілі "Бауыржан шоу" әзіл-сықақ театрының директоры.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Бүгін - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент ретінде ант қабылдаған күн

Танымал қазақ әншісі қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді (видео)

Алматы әуежайында ұшақ жолға шығып кетті

Айнұр Тұрсынбаевадан жеңілген ақын өзін сынаған Төреғалиға жауап берді

Германияда кездесу өткізген Ақаевқа қырғыздар жұмыртқа лақтырды (видео)

"Әкімнің сөзін пысқырмады": Астаналықтар жаңа жылға дайындықты бастап кетті (фото)

Сіздің реакцияңыз
21
11
4
2
0
122
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір