RU

Қызылордада Астанаға арналған салтанатты шара өтті (фото)

Бүгін, Қызылорда қаласында Астана қаласының Қазақстан Республикасының елордасы болып жарияланғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті деп хабарлайды NUR.KZ. 

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесімен 1994 жылы 6 шілдеде қабылданса, Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда дәл осы күні жүзеге асқан болатын.

Тарихи оқиғаға орай кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеудің салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр.

Елбасы «Алаштың анасы» деп баға берген Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласы да бұл тарихи шараны атап өтуде белсенділік танытуда.

Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш. Байманов қатысқан салтанатты шарада тәуелсіз ел дамуында Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуында жоғары үлес қосқан әр сала мамандары марапатталып, жастар Астана қаласына арналған әндерден тарту жасады.

Келер жылы 200 жыл толатын еліміздің алғашқы астаналарының бірі Қызылордада Астана қаласының 20 жылдығын атап өтуге арналған шаралар одан әрі жалғасатын болады.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Бүгін - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент ретінде ант қабылдаған күн

Танымал қазақ әншісі қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді (видео)

Алматы әуежайында ұшақ жолға шығып кетті

Айнұр Тұрсынбаевадан жеңілген ақын өзін сынаған Төреғалиға жауап берді

Германияда кездесу өткізген Ақаевқа қырғыздар жұмыртқа лақтырды (видео)

"Әкімнің сөзін пысқырмады": Астаналықтар жаңа жылға дайындықты бастап кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1700902-qyzylordada-astanagha-arnalghan-salta.html