RU
Ерке Есмахан бір жыл бойы көлік салығын төлемеген
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерке Есмахан бір жыл бойы көлік салығын төлемеген

Расказать Вконтакте

Зәулім үйде тұрып, астарына қос-қостан көлік мінетін жұлдыздар салық төлеуге келгенде сараңдық танытады екен. Мәселен, Ерке Есмаханның көлік салығын төлмегеніне бір жылдан асқан. Әнші салық мамандарының бірнеше рет ескерту жасағанына құлақ аспаған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерке Есмахан бір жыл бойы көлік салығын төлемеген

Ерке Есмахан. Фото: Интернет желісінен

Әншінің мемлекет алдындағы берешегі 41 мың теңге. Көлігінің салығын төлемей жүрген шоу-бизнес өкілдерінің арасында тек Ерке ғана емес, Жеңіс Ысқақова да бар. Оның берешегі - 73 мың теңге.

Ерке Есмахан бір жыл бойы көлік салығын төлемеген

Жеңіс Ысқақова. Фото: Интернет желісінен

"Шараның бәрі бірдей. Сотқа жіберерден бұрын 30 күннің ішінде хабарландыру жібереміз. Тұтынушының салық түбіртегін де көрсетеміз, почта арқылы хабарландыру жібереміз. Оған жауап бермесе, сотқа беруге тиіспіз",- деді Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Заңғар Шыңдалы.

Мемлекет алдында жауапкершілігі аса төмен әншінің бірі-Ернар Айдар. Оның салығының көлемі -205 мың теңге.

Ерке Есмахан бір жыл бойы көлік салығын төлемеген

Ернар Айдар. Фото: erkindik.kz

Салық төлеуден қашып жүрген өнер иелерінің ісі бүгінде сот ұйымдарына беріліп, қарызды өндіріп алу туралы шешімдер шығарылыпты.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Алматыда қойма мен цехтан өрт шықты (фото, видео)

Танымал әнші Серік Ибрагимов "Дарын" сыйлығының иегері атанды

Алматы әуежайында  «Эйр Астана» ұшағы ұшу жолағынан шығып кетті

"Бұл менің ағатайым": Әйгілі боксшы Қадыровты құшақтап суретке түсті (фото)

Назарбаев елорданың Астана қаласына көшуінің 20 жылдығын қалай атап өтті? (фото)

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
26
3
1
3
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір