RU

Сайран автобекетінің әжетханасында жас әйел босанды (видео)

Тұрмыс құрмаған жас ана Сайран автобекетінің әжетханасында босанды.

Сайран автобекетінің әжетханасында жас әйел босанды. Алғашқы көмекті әжетхананың кассирі көрсектіпті. Сәбинің кіндігін де өзі кескен. “Бала мен жас ананың жағдайы бір қалыпты” – деп дәрігерлер айтып отыр. Автобекеттің әжетқанасына кіріп кеткен 20-жасар бойжеткен шырқырап айқайлапты. Бойжеткеннің жандаусын естіген соң кассир жетіп келіпті. Жас ананың толғағын бастағанын көрген Зубира-апай алғашқы көмек көрсетіп босандырып алыпты. Нәрестенің кіндігін кесіп өз бөлмесіне алып барған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем ана мен сәбині № 5 перзентханаға жеткізіпті. Нәрестенің салмағы 2500 грамм, қызбала.

Жас ана тұрмыс құрмаған болып шықты. Құрсағында бала барын осы ұақытқа дейін жасырып келген. Дәрігерлерге тексеріліп тіркеуге тұрмапты. “Нәресте мен анасының кәзіргі жағдайы қанағаттарлық. Көмекті дер кезінде бердік“ – дейді ақхалаттықтар. Баланың әрі қарайлы тағдыры әзірге белгісіз. Оны денсаулығы оңалған соң анасы шешетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/170111-sajran-avtobeketinin-ezhethanasynda-zhas-ejel-bosandy-video.html