RU

Қызғаншақ еркектерден шаршаған әйел шырағданға тұрмысқа шығып алды (фото)

Ұлбыритания тұрғыны "заттарға ғашық болу" дертіне шалдыққан. Соның салдарынан өзі ұнатқан шырағданның біріне тұрмысқа шығып, екіншісімен "төсектес болып" жүр. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

33 жастағы Аманда Либертидің таңдауы өз коллекциясындағы 70 сантиметрлік шырағданға түскен. Тіпті оған «Люмьер» деп ат қояды. Құмары ерекше әйел "өмірлік жолдасына" Германияда бір көргеннен ғашық болыпты. Сондықтан ол үшін 400 еуросын (шамамен 160 мың теңге) ойланбастан сарп еткен.

"Мен Люмьерге тұрмысқа шықтым. Бірақ, түнде бақа аспашамды төсегіме алып жатамын. Олардың ешқайсы мені қызғанып, шаршатпайды. Бұл әрекетім арқылы мен ешқайсын ренжітпеймін. Тек өзімнің жүрек қалауымды орындап жүрмін", - дейді Аманда.

Әйел бұл дертке шалдыққанын 14 жасында байқаған. Жасөспірім кезінде ол дауылпаздармен, одан кейін тас мүсіндермен әуестенеді.

Ерекше құмарлығына қарамастан, Аманда өз әрекеттерін дұрыс деп санайды.

"Өмірдегі қызғаншақ еркектерге қарағанда аспашамдарыммен қатынас әлдеқайда жайлырақ", - дейді ол.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Жиырма шақты тұрғыны бар ауыл 140 мың еуроға сатылып кетті

Баян мен Тұрсынғали неліктен дүркіретіп үйлену тойларын жасамады?

Назарбаев елорданың Астанаға ауысуына 20 жыл толуын қалай атап өтті? (фото)

Жүзден астам отбасылы еркекпен төсектес болған ару "ерлік жасадым" деп мақтанды

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1701342-qyzghanshaq-erkekterden-sharshaghan-ayel.html