RU
Бахтияр Артаев: Бізге арабтың немесе парсының дәстүрін әкелудің қажеті жоқ
Жаңалықтар Спорт

Бахтияр Артаев: Бізге арабтың немесе парсының дәстүрін әкелудің қажеті жоқ

Рассказать Вконтакте

Олимпиада чемпионы, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры Бахтияр Артаев Prosports.kz порталына берген сұхбатында жат ағымның соңында жүрген қазақстандық спортшылардың өте көп екенін жасырмай айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бахтияр Артаев: Бізге арабтың немесе парсының дәстүрін әкелудің қажеті жоқ

Бахтияр Артаев. Фото: ortcom

- Қазіргі таңда ел іргесіне аяқ басып үлгерген теріс пиғылды ағымдар қатарына сіз секілді көпшілікке танымал немесе күші мығым, денелі, спортта дәрежесі бар азаматтарды тартатын сияқты. Осындай жағдайды байқадыңыз ба? Көзқарасыңыз қандай?

– Өте орынды және мені де мазалайтын сауал. Қазіргі кезде әлгі кері ағымда жүрген мықты азаматты көрдіңіз ба? Кері ағымда кім жүреді? Шындығына келгенде, кері ағымда әлсіздер жүреді! Айналасына өкпелі, реніші бар адамдар ілеседі жат пиғылдыларға. Сенбесеңіз, кез келгенімен тілдесіп көріңіз.

Бәрінің ештеңеге көңілі толмайды. Ешкімге ештеңе дәлелдей алмаған жандар «Осы жолмен жүрсем, өзгеге бір нәрсені дәлелдеймін, көрсетемін» деген ниетпен жат ағымның жетегінде кетіп жүр. Мықтылығын дәлелдеймін деп, бос әуреге түскендер. Шын мәнісінде, амалдарының жоқтығынан адасқандар.

– Яғни, сіз сондай бауырларыңызбен бетпе-бет кездестіңіз ғой?

– Көп кездестім. Спорттағы қандастарымыздың жат ағымдарға ілескендері жетерлік. Ауыр болса да, осыны мойындамасқа амалымыз жоқ. Бәрі де ренжулі, өкпелі жігіттер. Бір нәрсені дәлелдей алмай жүрген, істей алмай мазасы қашқан жігіттер. Есі дұрыс, өзіне сенімді азамат ешқашан ағымның есігін ашпайды немесе қақпайды.

Рас, Ханафи мәзһабын ұстанатын жігіттер де көп, өте көп. Бірақ менің білуімше, жат ағымдықтар қармағына түсіретін жанды алдайтын көрінеді, қызықтыратын сияқты, қатарларына тарту үшін ештеңеден тайынбайтын сияқты.

Ертерек өкініп, дұрыс жолын тауып жатқандар да бар. Алайда, беті бері қарамайтындар да аз емес. Олардың бәрі – әлсіздер!

Дұрысы, төл дініміздің жолымен, ата-бабаларымыздың өсиетімен, қалып келе жатқан тариxи кұндылықтарымызды жоғалтпай жүрген абзал. Арабтың немесе парсының дәстүрі мен сөзін бізге әкелудің түк те керегі жоқ деп есептеймін жеке өз басым.

Өзіміздің түбі терең, керемет тариxымыз барда, атадан балаға келе жатқан үзілмеген, ұлттық салт-дәстүріміз бен ана сүтімен келген, ғажайып ана тіліміз барда бізге ешкімге еліктеудің керегі жоқ. Егер бізге еліктемесе.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Индира Расылхан ел алдында Мейрамбек Беспаевқа өзінің ренішін жеткізді

Атышулы ресейлік бишінің кезекті тыр жалаңаш суреті жұртқа жақпай қалды 

Өзбекстанда үйлену тойын бірге өткізген егіз жігіттер әлем назарына ілікті (фото)

Жігіті үшін 30 пластикалық ота жасатқан ару адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Ақтөбеде басшысынан бастап смартфон ұстаудан жаппай бас тартқан орталық елді сүйсінтті

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
1
2
0
40
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel