RU

Елімізге белгілі композитор Астана туралы әні үшін 1 млн теңге жүлде алды (фото, видео)

Астананың 20 жылдығына арналған "Астана-ардағым" атты марапатта елімізге белгілі композитор Марат Омаров "Астана-арман қала" атты әні үшін 1 миллион теңге сыйақы алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Айтулы іс-шараға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Музыка әлемін дамытудағы еңбегі үшін аталған марапатты Халық әртісі Нағима Есқалиеваға да табыстады.

Марат Омаровтың "Астана-арман қала" атты әнінің сөзін жазған- Ербол Шаймерденов.

Айта кететіні, Марат Омаров өзі барған елдердің астаналарына ән арнауды дәстүрге айналдырған композитор. Қалың қазаққа "Анашым" әнімен танымал сазгердің қос бірдей қызы әке жолын қуған өнерпаздар.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада су жаңа аурухананың төбесі емделушінің басына құлап түскен (фото, видео)

Илья Ильин: Мені спорттан оңайлықпен кетіре алмайды

Бахтияр Артаев: Бізге арабтың немесе парсының дәстүрін әкелудің қажеті жоқ

Атақты Лионель Месси Кеңес Рақышевтің компаниясында елші болды

Егіз жігіттер мен егіз қыздардың тойы әлем назарына ілікті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1701504-elimizge-belgili-kompozitor-astana-t.html