RU
Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Сахнаға шыққанына бір жыл енді толса да, мыңдаған тыңдарманның жүрегінен орын алып үлгерген Қуандық Рақым ауыл-ауылды аралап ән кешін беріп, соңғы аялдама ретінде Алатаудың баурайындағы Алматыда жеке ән кешін өткізбекші. Әсем даусымен талай қыздың жүрегін жаулап үлгерген жас сері NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат беріп, жеке өмірі мен шығармашылығы төңірегінде әңгіме өрбітті.

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Қуандық Рахым мен продюсері Жанна Әбуова. Фото: Instagram

— Желтоқсан айының 27 күні Республика сарайында жеке ән кешіңізді өткізгелі жатырсыз. Дайындық қалай жүріп жатыр?

— Алла қаласа желтоқсанның 27 күні талай армандаған жер Республика сарайында алғаш рет үлкен концерт бергелі жатырмыз. Мен жеке ән кешімді бірден Республика сарайынан бастап кеткен жоқпын, осы бір жылдың ішінде бүкіл Қазақстанды аралап келдік. Ауылдар мен аудандардың түкпір-түкпіріне бардық. Соңғы нүктесі осы Алматы қаласында қойылуы керек шығар деп ойлап отырмыз. Мен өзім Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының «дәстүрлі әндер» мамандығын тәмамдағандықтан, концертте эстрадалық әндермен қатар дәстүрлі әндер орындалады.

— Жеке ән кешін берген әншілер шетелдік әріптестерін шақырып, ерекше шоу жасап жатады. Сіздің кеште ондай ерекшелік жоқ па?

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Қуандық Рахым. Фото: Instagram

— Менің өнер саласына келгеніме бір жыл ғана болды. Болашақта шақырып қалармыз. Шетелден әнші алдырсақ, мынандай бір қауесет тарауы мүмкін: «Залды, көрерменді келген қонақтың абыройының арқасында жинады» деген. Сол себепті алғашқы концертті таза өзіміздің тыңдармандарымыз қаншалықты екенін білу үшін, көру үшін өзіміз ғана қойғанды жөн көріп отырмыз. Оның ішінде менің бала күнгі кумирім -Тоқтар Серіков ағамыз болуы мүмкін.

—"Болайық бірге" әнін дуэтте орындаған Гауһар Сардарбек екеуіңізге қатысты алып-қашпа әңшімелер көп.  Желі оқырмандары: «Гауһар Қуандықты жиі қызғанған соң, екеуі айрылысып кетті» деген болжам айтуда. Гауһармен араларыңызда махаббат болды ма?

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Қуандық Рахым мен Гаухар Сардарбек. Фото: Instagram

Бұл мүлдем өтірік ақпарат. Гауһарды мен кішкентай қарындасым сияқты көремін. Продюсерге келмей тұрып та, біз екеуміз таныспыз, араласамыз. Оған ағасы ретінде өте жақсы қараймын. Арамызда сезім, махаббат деген ештеңе болған емес. Альбина туралы да осындай сұрақтар жиі қойылып жатады. Мен екі қызға да дос, қарындас ретінде қараймын.

— Ерекше есте қалған жанкүйеріңіз бар ма?

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Қуандық Рахым. Фото: Instagram

— Желіде хаттар арқылы мазалайтындар бар. Ең алғашқы ән сапарымда Шымкенттің Леңгір деген жерінен бір тыңдарманымыз пайда болды. Ол қыз Instagram желісіндегі парақшасын «Рахым» деп өзгертіп қоятын. Сол кездегі Нұрай деген қарындасымыздың әрекеттері, қайта-қайта мазалауы есімде қатты қалып қойыпты. Қателеспесем 20-30 нөмірден хабарласып, хат жазған.

— Соңғы бір жылдықта танымалдылығыңыз күрт өсті. Жұлдыз ауруымен ауырдыңыз ба?

— Мен өзімді аса танымал әнші ретінде сезініп, жұлдыз ауруымен ауыратындай деңгейге жетпедім деп санаймын. Ол кезде де «жұлдыз ауруымен» ауырмайтын шығармын. Мұның бәрі маған ғайыптан тайып келе салған дүние емес. Мен кішкентай кезімнен бастап осы нәрсені сезініп, армандап өскен баламын. Сол себепті танымалдылыққа басқаша көзқараспен қарайтын шығармын. Алғаш Жанна ханымға келгенге дейін мен қарапайым, тойларда беташар айтып жүрген жігіт болғанмын. Бізді Марат Балмырза деген әнші, композитор ағамыз таныстырған болатын. Содан кейін ол кісімен жақын танысып, араласып, жұмыс бастап кеттік.

— Қазақтың қара домбырасымен дәстүрлі ән айтатыныңызды білеміз және эстрадалық әндеріңізде көп. Өзіңізді қай саланың әншісіне жатқызасыз?

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Қуандық Рахым. Фото: Instagram

— Екі нәрсе қолыңнан келіп тұрса, бір нәрсеге байланып қалған дұрыс емес шығар. Мысалы, Тоқтар Серіков, Мейрамбек Беспаев ағаларымыз кезінде Консерватория қабырғасында оқыған. Олар дәстүрлі әнге ғана байланып қалған болса, қазірге дейін халықтың сүйікті ұлдарының қатарына енуші ме еді, енбеуші ме еді?!Қай бағытта жүрмейік, есті ән айтсақ болғаны деп ойлаймын. 

— Отандық шоу-бизнестегі қатарластарыңызға көңіліңіз тола ма?

— Кез-келген нәрсенің жақсы және жаман жағы болады. Сол сияқты қазіргі таңда эстрада да талапты жастар басым. Қатарластарымның шығармашылығына баға беруге ертерек шығар, бірақ кей замандастарым сахнада сөйлеген сөздеріне, сахна мәдениетіне мән берсе деп ойлаймын. Себебі оларды қаншама миллиондаған жастар тыңдап жатыр. Егер тілді шұбарлап, сөйлеу мәдениетін білмей, оны өздеріне қалыпты деп сіңіріп алса кейін мұны түзеу қиын болатын сияқты.

— Отбасын құруды қашанға жоспарлап отырсыз?

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Қуандық Рахым мен Альбина Шардарова. Фото: Instagram

— Жалпы өмірлік жоспарда бар. Бірақ отбасын құруға кемі екі-үш жыл керек. Ер азаматқа шаңырақ құру ешқашан кеш емес деп ойлаймын.

— Жарыңыздың әнші болғанын қалайсыз ба?

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Қуандық Рахым мен Альбина Шардарова. Фото: Instagram

— Өнер адамы болғанын мүлдем қаламаймын. Жарым көбірек ұл-қыздарымның тәрбиесіне мән беріп, өзін отбасына арнаса деп ойлаймын. Жалпы ықылым заманнан ер адам түздің, әйел үйдің адамы ғой.

— Бүгінгі таңда әншілеріміздің көбі отбасылы екендерін құпия ұстайды. Болашақта жарыңызды жасырып ұстауыңыз мүмкін бе?

— Исламда үйленгенін жасыру үлкен қателік болып саналады. Шариғат жолына келетін болсақ, жасыра алмайтын шығармын. «Үйленесіңдер ме, міндетті түрде жария қылыңдар!»,- деген сөз бар. Әншінің отбасылы екенін халық білуі міндетті, себебі әншілер қаншама жас тыңдарман қыздардың ұйқысын ұрлайды, қанша қызға үміт сыйлайды. Тіпті тыңдарманның өзі кей сәтте екіге бөлініп, әншінің жары бар екенін өз аузынан естімеген соң, бойдақ дегенге сенбей жатады. Ең дұрысы отбасылы екеніңді жария ету деп санаймын.

— Бір сұхбатыңызда: «Болашақ жарым Тоқтар Серіков ағамыздың жұбайы Бейбіт жеңгеміздей болса» деп айтыпсыз. Бұлай айтуыңызға не себеп болды?

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Тоқтар Серіков жұбайымен, Қуандық Рахым, Альбина Шардарова. Фото: Instagram

— Иә, Бейбіт жеңгемді кішкентай кезімнен бастап жақсы көремін. Жалпы, Бейбіт жеңгеміздің қарапайымдылығы ұнайды. Қателеспесем орыс мектебінде оқыған. Қазір 180 градусқа өзгеріп, қазақи келіншектердің біріне айналып отырғанына қатты қызығамын. Кейбіреулер: «Мен орыс мектебінде оқыдым, тіл білмеймін, менің кінәм жоқ» деп өздерін ақтап алып жатады. Бірақ Бейбіт жеңгеміздің өз-өзін жеңіп, ең қазақи адамға тұрмысқа шығуын бағалаймын және құрметтеймін!

— Тойға жиі шығасыз ба?

— Аллаға шүкір, жиі шығамын.

— Гонорарыңыз қанша?

— Құпия (күліп)

— Көпшілік біле бермейтін қандай ерекше қасиеттеріңіз бар?

— Ешқашан ішімдік ішіп, шылым шегіп көрмеппін. Ұйқыны жақсы көремін, ауылдағы кемпір – шалдың қолында өскендіктен шәйқормын. Ешқашан Алматы қаласының ішінде көлік жүргізіп көрген емеспін. Күн сайын 2-3 бет болсын «Жеті ғасыр жырлайды» деген керемет кітап бар, соны оқимын. Жалпы сүйікті ісім – кітап оқу.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Мектептегі жиналыста аузына келгенді айтып, шу шығарған ақтөбелік келіншек жазаланды

Қызын белбеумен аяусыз ұрып-соққан әке жұртты шошытты

Күйеуі шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан әйел жанайқайын жеткізді

Аяғы ауырлап қалған 10-сынып оқушысы өлі нәрестені дүниеге әкелді

Қызғаншақ еркектерден шаршаған әйел шырағданға тұрмысқа шығып алды (фото)

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
4
3
2
55
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір