RU

Күйеуі шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан әйел жанайқайын жеткізді

Әзірбайжанда 32 жастағы екі баланың анасы Фарида күйеуінің шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жығып келгенін айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Көп балалы отбасында дүниеге келдім. Ата-анам бізді асырау үшін тынбай еңбектенетін. Сіңлі-інілеріме бас-көз болу үшін бесінші сыныпта оқуымды тастап кеттім. 16 жасымда болашақ күйеуіммен танысып, көп ұзамай ол мені алып қашты. Жасым жетпегесін некемізді қия алмадық. Дегенмен ұлым бірінші сыныпқа барғанда неке қидыруға тура келді", - деп есіне алды Фарида.

Фариданың ата-анасы немересі дүниеге келгенге дейін қызын кешірмей келген.

"Кейін күйеуім мені ұратынын біліп қойған анам жасырын түрде менімен байланыста болатын болды. Күйеуім кеш келіп, мені аяусыз соққыға жығатынды шығарды. Бір күні шыдамай полицияға шағым түсірдім. Ол менен жалбарынып, шағымымды кері қайтаруға көндірді. Алайда ескі әдетін қомай мені қайта ұрып-соғатын болды", - дейді келіншек.

Фарида білімі жоқтығынан баласымен көшеде қалудан қорыққан.

"Күйеуімнен қайда және не үшін кетіп бара жатқанын сұрасам, отбасыммен аралассам, соққыға жығатын. Тіпті өз ұялы телефоным болмады. Оның қызғаншақтығынан әбден тойдым. Білімім де, ақшам да болмағасын, амалсыз көндігіп келдім. Ол басымды қабырғаға соғып, аузыма түкіретін, шашымнан сүйреп, аяқпен тебетін. Бірнеше түн бойы ауырсынулардан ұйықтамай шығатын кездерім болды", - деп мұңын шақты әйел.

Соққыларға шыдамы таусылған Фарида мінезі әкесіне тартып, дөрекі болып өскен ұлын күйеуімен қалдырып, өзі қызын ерткен күйі үйінен кетіп қалған. Бүгінде ол еден жуып, күнін көрсе де қызын аяқтан тұрғызу үшін барын салмақ.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Қызылордада су жаңа аурухананың төбесі емделушінің басына құлап түскен (фото, видео)

Илья Ильин: Мені спорттан оңайлықпен кетіре алмайды

Бахтияр Артаев: Бізге арабтың немесе парсының дәстүрін әкелудің қажеті жоқ

Атақты Лионель Месси Кеңес Рақышевтің компаниясында елші болды

Егіз жігіттер мен егіз қыздардың тойы әлем назарына ілікті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1701720-kuyeui-shashynan-suyrep-ayausyz-soqqygha.html