RU
Шәуетін ұшақ жолаушысына шашқан ер адам жаға ұстатты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шәуетін ұшақ жолаушысына шашқан ер адам жаға ұстатты (фото)

Рассказать Вконтакте

51 жастағы Эудираки Алмейда-до-Вейл Бразилияның Белен қаласынан астанасына бағыт алған ұшақта жанында отырған әйелге шәуетін шашып жіберді. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шәуетін ұшақ жолаушысына шашқан ер адам жаға ұстатты (фото)

Шәуетін ұшақ жолаушысына шашқан ер адам. Фото: thesun.co.uk

Gol Airlines әуе компаниясының бортында орын алған ыңғайсыз жағдай жолаушыларды шулатты. Ұшақта Эудиракидің жанындағы 24-орында отырған әйел оның ыңғайсыз әрекеттеріне шағымданып, басқа орынға ауысып алады.

Алайда ер адам қасына жайғасқан өзге жолаушының да мазасын алып үлгерген. Ол қоғамдық орында сексуалдық әрекетін жалғастырып, қасында ұйықтап қалған әйелге шәуетін шашады.

Шәуетін ұшақ жолаушысына шашқан ер адам жаға ұстатты (фото)

Алайда, азамат кінәсін мойындамай отыр.

«Мен абайсызда жөтеліп қалған едім, тамағымнан шыққан түкірік көршіме тиіп кетті», - дейді ол.

Жолаушы әйел болса, жағдайды өзгеше баяндап отыр.

Шәуетін ұшақ жолаушысына шашқан ер адам жаға ұстатты (фото)

"Ол менің қолымды өзінің әуретті жеріне тигізіп жатқан кезде оянып кеттім. Қарасам, шалбарымды шәуетімен бұлғап үлгеріпті", - дейді ол.

Айқай шығарған әйел бірден басқа орынға ауысқан. Ал ер адам Бразилия әуежайына келе сала тұтқынға алынды. Енді ол бұл жайт үшін сот алдында қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Жүрсін Ерман айтысқа радикалды діни топтардан қауіп төніп отырғанын айтты

Илья Ильин: Мемлекет сыйақыларды қайтар десе, қайтарамын

Ақтөбеде 10-сынып оқушысының жұмбақ өлімі оның туыстарын алаңдатып қойды

Әйгілі украиналық боксшы рейтингте Головкинді басып озды

Елімізге белгілі композитор Астана туралы әні үшін 1 млн теңге жүлде алды (фото, видео)

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
2
1
2
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel