RU

Әдебиет әлемінің абызы Әнуар Әлімжан биыл 80 жаста

Көрнекті жазушы әрі журналист Әнуар Әлімжан 80 жаста

Әдебиет әлемінің абызы Әнуар Әлімжан биыл 80 жаста. Асыл азаматты ұлықтаған мерейтойлық кеш бүгін Алматыдағы Әуезов драма театрында өтті. Мұның ізгі сабақтастығы да бар.

Өйткені, "Бірінші Петр Еуропаға терезе тескен болса, Әлімжанов Азияға айқара ашты" деп, қаламгер інісінің жолын ашқан осы Мұхтар Әуезов болатын. Мамандығы журналист Әнуар аға әлемнің алпыстан астам елінде болып, танымдық мақалалары арқылы шетелдегі жұртқа қазақ деген ел барын танытты. Қызмет жолын "Ленинская смена", "Огни Алатау" газеттерінен бастаған қаламгер кейінірек Кеңес одағының "Литературная газета" мен "Правда" газеттерінің Орталық Азиядағы меншікті тілшісі болып, жемісті еңбек етті.

Әлемді таныған Әнуар дейміз. Ол шын мәнінде халықаралық деңгейдегі қаламгер болды. Оның шығармаларында ұлттың иісі аңқып тұратын.

Осылайша, "қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық журналист" атанды. 70 жылдары Жазушылар одағын басқарды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып ұлт мұратын биік мінберлерден көздеді. Софы Сматай, жазушы: Әлемді таныған Әнуар дейміз. Ол шын мәнінде халықаралық деңгейдегі қаламгер болды. Оның шығармаларында ұлттың иісі аңқып тұратын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/170226-edebiet-eleminin-abyzy-enuar-elimzhan-biyl-80-zhasta.html