RU

Мектептегі жиналыста аузына келгенді айтып, шу шығарған ақтөбелік келіншек жазаланды

Ақтөбедегі мектептердің бірінде айқай шығарған әйел әкімшілік жазаға тартылды. Ол ата-аналар жиналысында ақша жинаудан бас тартқан келіншекті балағаттап, аузына келгенді айтқан.

Желіде таралып кеткен бейнеролик сотта айғақ ретінде қолданылған деп хабарлайды КТК.

№22 мектептегі оқушылардың ата-аналары ақша жинап, ескірген парталарды жаңаламақ болады. Жиналыста бұған қарсы шыққан келіншекті ортадағы ең белсендісі жерден алып, жерге салады.

Ал сотта ол өзінің ерсі қылығын мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрапты. Әйтсе де, бұзақылыққа барғаны үшін жазасыз қалмады. Оған судья 22 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Бұған дейін осы жиналыс кезінде ата-аналарды сынып бөлмесінде бөлек қалдырғаны үшін мектеп директоры мен сынып жетекшісі сөгіс алған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев бүгінгі ауыс-түйістерге қатысты пікір білдірді

Қызын белбеумен аяусыз ұрып-соққан әке жұртты шошытты

Шәуетін ұшақ жолаушысына шашқан ер адам жаға ұстатты (фото)

Қазыда жазылған "Алла" сөзі атыраулық отбасыны таңғалдырды (видео)

Шымкентте өлі күйінде табылған төрт адамның неден қайтыс болғаны анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1702585-mekteptegi-zhinalysta-auzyna-kelgend.html