RU

17 жастағы танымал жұлдыз ұшақта денесін сипалаған еркекке іздеу салды (фото)

17 жастағы Зайра Васим есімді Болливуд жұлдызы Делиден Мумбаиға ұшу барысында орта жастағы азаматтан сексуалдық азығындық көргенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәмелетке толмаған әртіс қыз Instagram желісіндегі оқырмандарымен әуедегі сапары кезінде орын алған оқиға туралы бөліскен. Айтуынша, ересек азамат ұйқылы-ояу күйде келе жатқан арудың денесін сипалайды.

Зайра болып жатқан оқиғаны бейнекамерасына түсіріп алғысы келген. Алайда камераға азығынның тек аяғын түсіріп үлгеріпті.

"Мен артымдағы азаматтың қолы арқам мен мойнымды жоғары-төмен сипалағанын байқадым. Біз өзімізді өзіміз қорғамасақ, бізді ешкім қорғамайды" - дейді жұлдыз.

Істі тексеру барысында Викаш Сахдев есімді кәсіпкер қамауға алынды. Air Vistara әуе компаниясы қолайсыз жағдайдың орын алғанын Мумбаиға жеткенше білмеген.

"Әрине, біз бұл оқиғада Зайра ханымның жағындамыз. Онымен біздің басшылық өкілдері кездесіп, істі ашуға барынша қолдау көрсетуге дайын" - деді әуе компаниясының қызметкерлері.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Мектептегі жиналыста аузына келгенді айтып, шу шығарған ақтөбелік келіншек жазаланды

Қызын белбеумен аяусыз ұрып-соққан әке жұртты шошытты

Күйеуі шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан әйел жанайқайын жеткізді

Аяғы ауырлап қалған 10-сынып оқушысы өлі нәрестені дүниеге әкелді

Қызғаншақ еркектерден шаршаған әйел шырағданға тұрмысқа шығып алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1702758-17-zhastaghy-tanymal-zhuldyz-ushaqta-ozine-s.html