RU

Ақтөбеде екі баласымен жуынды ішіп жүрген жүкті келіншек жұрттың жүрегін ауыртты (фото)

Ақтөбеде Instagram желісімен атын шығарған «Zello Аktobe» тобының әрекеті елді сүйсіндірді. Топ белсендісі Екатерина Голотина күйеуінен таяқ жеп, қоқыс теріп жүрген келіншекке жаңа өмір сыйлады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Әлеуметтік желіден балаларымен бірге қоқыс жағалап жүрген келіншек туралы ақпаратты оқыдым. Балаларына тамақты сол қоқыс арасынан алып береді екен. Бірден әрекет етіп, келіншекті тауып алдық, Саяжайдағы бір үйшікті бес мың теңгеге жалдап тұрады екен. Тұратын жерлерін үй деп айтуға келмейді. Тапқанын суға қайнатып, балаларына береді. Мен әдейі пісіріп жатқан тамағын суретке түсіріп алдым. Даладағыдай, кесектің үстіне темір қойып, ботқа қайнатып жатыр екен. Біз өз арамызда ақша жинап, тамақтарына көмектестік», - дейді «Zello Аktobe» тобының белсендісі Екатерина Голотина.

Жетім балалар үйінде тәрбиеленген Олеся Летавскаяның екі баласы бар. Үлкен қызы төрт жаста болса, кішісі екі жастан асқан. Келіншек үшіншісін босанайын деп отыр. Жолдасынан таяқ жейтінін айтқан келіншек ақтөбелік еріктілердің көмегіне қайта жүгінген.

«Келіншек пен балаларын күйеуі сабайды екен. Үлкен қызының арқасына дейін көгеріп кеткен. Олеся күйеуімен тұрып жатқан жерден алып кетуді сұрап жалынды. Еріктілер болып, ақша жинап, келіншекті екі баласымен арзандау, жағдайы бар саяжайға кіргізген болатынбыз. Ол жер бізді алдап кеткен болып шықты. Саяжайдың басқа иесі табылып, келіншекті қуып шыққан. Енді ол жаққа төлеген ақшамызды да ала алмай жүрміз. Біз Instagram парақшасы арқылы екі балалы келіншекке көмек керегін хабарладық, ұзамай отбасыға баспана жағынан көмек көрсетілді», - дейді Екатерина Голотина.

Екі баласы бар жүкті келіншек Олеся Летавская Жаңақоныс ауданындағы жатақханаға орналастырылған.

«Zello Аktobe» тобының белсендісі Екатерина Голотина жүкті келіншектің балаларына қарап көмектесіп жүр.

«Менің өмірлік ұстанымым да осы. Қолыңнан келсе көмектес. Отбасыға әлі үй жылытқыш, көрпе, төсеніштер керек. Әркім қолынан келгенше көмектессе деймін», - дейді ол.

Бұрын әкімдік болған ғимаратта қазір тұрмысы қиын бірнеше отбасы тұрып жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да ішімдікке тойып алған ауыл әкімі қызметтік көлікпен адам қағып, қашып кеткен

2018 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді

Астанада сағатына 130 мың теңге алатын элиталық "жезөкшелер" кімдерге қызмет етеді?

Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын қолдады

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1702768-aqtobede-eki-balasymen-zhuyndy-iship-zhu.html