RU

Шымкенттік келіншек зейнеткердің мыңдаған долларын автобуста ұрлап кетті

Шымкенттегі автобустардың бірінде 66 жастағы зейнеткерлің миллионнан аса қаржысын жымқырған келіншек ұсталды. Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

1972 жылы туған жұмыссыз әйел автобуста қарияның әмиянын ұрлап, ішіндегі екі мың доллардан аса қаржыны қолды қылған. Бұл қаржыға қанағаттанбаған ол зейнеткердің сөмкесінен банк картасының пин-кодын тауып алып, 600 мың теңгеден аса қаржыны банкоматтан шешіпті.

Ұрланған ақшаны өз басының қамына жаратқан ұры келіншек қарияны  жалпы есебі миллионнан аса шығынға батырады. Бүгінде күдікті ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Мектептегі жиналыста аузына келгенді айтып, шу шығарған ақтөбелік келіншек жазаланды

Қызын белбеумен аяусыз ұрып-соққан әке жұртты шошытты

Күйеуі шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан әйел жанайқайын жеткізді

Аяғы ауырлап қалған 10-сынып оқушысы өлі нәрестені дүниеге әкелді

Қызғаншақ еркектерден шаршаған әйел шырағданға тұрмысқа шығып алды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1702774-shymkentte-ury-kelinshek-zeynetkerdinh.html