RU
20 елеспен "төсек қатынасына түскен" ару өзіне еркектердің қажеті жоқтығын мәлімдеді (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

20 елеспен "төсек қатынасына түскен" ару өзіне еркектердің қажеті жоқтығын мәлімдеді (фото)

Расказать Вконтакте

Ұлыбританияда тұратын Аметист Реалм есімді бойжеткен соңғы 12 жыл ішінде 20-дан астам елеспен жыныстық қатынасқа түскенін айтып, жұртты аң-таң етті. Ол елестер өмірдегі еркектерден әлдеқайда жақсы екенін алға тартуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

20 елеспен "төсек қатынасына түскен" ару өзіне еркектердің қажеті жоқтығын мәлімдеді (фото)

Аметист. Фото: deadbees.net

Аметист өзін "рухани нұсқаулық бойынша консультант" санайды. Рухтармен байланысқа түсе аламын деп сендірген ару олармен, тіпті жыныстық қатынасқа түсіп жүргенін айтуда. Ол бұл туралы ақылға қонымсыз мәлімдемесін This Morning атты шоуда жасаған.

"Бәрі күйеуіммен жаңа үйге көшіп барғанымда басталды. Мен елестердің тыныс алып жатқанына дейін сезе аламын. Олармен төсек қатынасына түсіп көрдім", - дейді Аметист.

20 елеспен "төсек қатынасына түскен" ару өзіне еркектердің қажеті жоқтығын мәлімдеді (фото)

Осылайша елеспен үш жыл бойы жақын қарым-қатынаста болдым деген ару тағы бір ақылға қонымсыз мәлімдеме жасады. Бойжеткеннің сөзіне сенсек, ол елеспен төсек қатынасына түсіп жатқан сәтінде күйеуіне ұсталып қалыпты.

Ал бүгінде 20-дан астам елеспен жақын қарым-қатынаста болғанын алға тартқан Аметист өмірдегі еркектерді қажет етпейтінін мәлімдеді.

Зерттеуші Александра Хольцер бойжеткен психологиялық дертке шалдыққан деген тұжырым жасады. Айтуынша, елеспен төсек қатынасында болдым дегендердің дені бұл жағдайды өңі мен түсін шатастырып алғанда бастан кешіреді.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да ішімдікке тойып алған ауыл әкімі қызметтік көлікпен адам қағып, қашып кеткен

2018 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді

Астанада сағатына 130 мың теңге алатын элиталық "жезөкшелер" кімдерге қызмет етеді?

Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын қолдады

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
4
19
3
3
2
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір