RU

500 грамм салмақпен туған шақалақ ғажайыптың күшімен аман қалды (фото)

Анасының жатырында дамымай қалған сәбиді дәрігерлер кесер тілігі арқылы босандырып алды. Адамның алақанындай ғана періште қыз Англияның Плимут қаласында бар-жоғы 490 грамм салмақпен туылған. Бұл туралы lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Пикси есімді кішкентай сәби дүниеге келе сала дәрігерлер оны пакетке салып, реанимация бөліміне жайғастырады.

Мамандардың айтуынша, олар 1,5 келіге дейінгі салмақпен туылған сәбилерді полиэтилен пакетіне салып ұстау тәжірибесін жиі қолданады. Себебі, ол баланыың денесіндегі жылуды сақтап, терісін буланудан сақтайды. Алдымен пленкаға, сосын жаялыққа орап қана инкубаторға орналастырады.

18 күн бойы Пиксидің анасына қызын қолмен ұстауға, көтеруге тыйым салған. Алайда шақалақ жылдам салмақ жинап, көп ұзамай перзентханадан босатылады.

Қазір 5 айға толған періште қыздың толықтай дені сау.

Айта кетейік, әлемдегі ең аз салмақпен туылған сәбилер қатарын 2004 жылғы Румайса есімді үнді қызы бастап тұр. Ол АҚШ-та 243 грамм салмақпен туылған.

Бұдан бөлек, 2006 жылы Америкада салмағы 284 грамм, бойы 24 см Амилия Соня есімді қыз туылған болатын. Бұл сәбилердің барлығы қазір толық жетілген. Оларды қатарластарының арасынан ажырату қиын.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да ішімдікке тойып алған ауыл әкімі қызметтік көлікпен адам қағып, қашып кеткен

2018 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді

Астанада сағатына 130 мың теңге алатын элиталық "жезөкшелер" кімдерге қызмет етеді?

Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын қолдады

Қуандық Рахым: Шымкенттік бойжеткен 20-30 нөмірден хабарласып, мазамды алатын (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1702874-490-gramm-salmaqpen-tuylghan-shaqalaq-ghazha.html