RU

Қазақстан нанотехнология зерттеулермен айналысатын болады

Қазақстанда үш зертхана нанотехнология саласындағы зерттеулермен айналысатын болады.

Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев бүгін "Назарбаев Университетінде" студенттер тарапынан қойылған сауалдарға бе рген жауабында айтты.

"Бұл жаңа бағыт, оның әлемдік ауқымы - 4 триллион американ долларына жетеқабыл, бұл қарқынды дамушы сала. Сондықтан, біз де осы мәселемен айналысудамыз. Бүгінде ондай зертханалар бізде - Алматыдағы әл-Фараби атындағы ұлттық университетте, Физика-техникалық университетінде, Шығыс Қазақстанда бар. Осы үш зертхана нанотехнология бағытындағы жұмыстармен айналысатын болады", - деп нақтылады Н.Назарбаев.Елбасы сондай-ақ, нанотехнология саласын дамытуға бизнес-құрылымдардың белсенді атсалысуы керектігін айтып өтті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/170289-kazakstan-nanotehnologiya-zertteulermen-ajnalysatyn-bolady.html