RU
Танымал отандық продюсер Мақпал Исабекова екеуінің махаббаты туралы ашық айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал отандық продюсер Мақпал Исабекова екеуінің махаббаты туралы ашық айтты

Расказать Вконтакте

Танымал отандық продюсер Ерік Тастембеков Мақпал Исабековаға продюсерлік еткен күндерді еске алды. Қоластындағы әншіге аса қаталдықпен қараған ол Мақпал екеуінің арасындағы махаббат туралы ашық айтты. Ол әншінің өзінің қарамағынан кеткен кезде тіпті денсаулығы сыр беріп, ауруханаға да жатып шыққанын жеткізді.

Танымал отандық продюсер Мақпал Исабекова екеуінің махаббаты туралы ашық айтты

Мақпал Исабекова мен Ерік

Бұл туралы продюсер "Гәкку ТВ" арнасының "Если честно..." бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Продюсер сен үшін барлық нәрсені шешетін болса, адам бәсеңсіп, кейін жалғыз жұмыс істей бастағанда көп нәрсені білмей қалған. Мақпалдың кетуі мен үшін өте қиын болды. Ол бірінші болып кетті. Бұл 2012 жылы еді", - деп есіне алған ол бұл жайттың салдарынан ол денсаулығын да нашарлатып алғанын айтты.

Оның айтуынша, Мақпалмен ара қатынасының үзілуі оған қатты соққы болған. Денсаулығы нашарлап кеткен ол ауруханадан бір-ақ шыққанын мойындады.

"Шынымды айтсам, алғашқы екі айда оның мансабын блоктап тастадым. Мәселен, маған хабарласып, Мақпалды түрлі іс-шараларға шақырса, мен оған тосқауыл қойып, оның бос емес екенін айтқан кездерім болды. Бұл бір айда төрт-бес рет қана болған еді. Бірақ бұл маған одан қатты ауыр тиді. Сондықтан бір күні Мақпалды шақырып алдым да, бар шындықты айттым. Аз уақыттан соң оған жарнамаға түсу секілді ірі жобаларға жол ашып бердім", - деді ол.

"Былтыр Мақпал Исабекова отандық телеарнаға сұхбат беріп, Ерікпен арада махаббат болды ма,- деген сұраққа: Әрине, махаббат болды", - деп жауап берген еді", - деп сұрақ қойды бағдарлама жүргізушісі.

Продюсер Мақпалмен арада махаббат болғанын растады.

"Әлбетте, болды (авт. - махаббат). Түсінесің бе, саған 20 жастағы бойжеткен келеді. Сен оған барлық нәрсені бересің, ақша ғана емес, ақша деген түк емес. Жаныңды бересің, оның дами түскенін көресің. 24 сағат бойы бірге жүрдік. Осындай кезде махаббаттың пайда болуы заңды нәрсе деп ойлаймын. Ол да маған көп нәрсе үйретті", - деді ол.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде екі баласымен жуынды ішіп жүрген жүкті келіншек жұрттың жүрегін ауыртты (фото)

Отандық продюсер "Жыл таңдауы" байқауының әділ өтпейтінін айтып, қатаң сынға алды

Шымкенттік келіншек зейнеткердің мыңдаған долларын автобуста ұрлап кетті

Қауіпті трюктарымен танымал жігіт өз өлімін видеоға түсіріп алды (фото)

Қазақстанда сүндетке отырғызу тегін болуы мүмкін

Сіздің реакцияңыз
89
19
28
7
3
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір