RU

ОҚО-да қарызын өтеу үшін парта мен орындық берген директор ұятқа қалды

Оңтүстікте мектеп директоры оқушылардың парта-орындықтарын сатып жіберген деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-дағы Кеңсай ауылында басшылық тарапынан бассыздықтар орын алуда. Онда мектеп директоры мемлекет мүлкін қомақты ақшаға сатқан.

«Кеңсай» орта мектебіндегі келеңсіздіктер туралы сол ауылдың тұрғыны Әсемкүл Күлмаханова баяндап берді. Айтуынша, білім ордасының басшысы Бауыржан Адилаев мемлекет мүлкін еркін сатып, залал келтіріп жүр.

Атап айтқанда, басшы 2016 жылы ауыл тұрғынынан қомақты қаржы алып, қарызын өтеу үшін 2 парта мен 6 орындықты берген көрінеді. Алайда, директордың өзі бұл мәселеге қатысты «бәрін медиациямен шешкенбіз. Татуласқанбыз» дегеннен асып ешнәрсе айта алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1702992-oqo-de-mektep-direktory-qaryzyn-oteu-u.html