RU
Танымал нумеролог 2018 жылы көптеген қақтығыстар күтіп тұрғанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Танымал нумеролог 2018 жылы көптеген қақтығыстар күтіп тұрғанын айтты

Расказать Вконтакте

Бірер аптадан кейін күллі әлем жаңа – 2018 жылға қадам баспақ. Бұл ретте, ел тұрғындарын «келер жылдан не күтуге болады?» деген сынды сауал мазалайтыны анық. Осыған орай, NUR.KZ тілшісі белгілі нумеролог Айсұлу Ахимовамен тілдесіп, 2018 жылға қатысты болжамдарын тыңдап қайтты.

Танымал нумеролог 2018 жылы көптеген қақтығыстар күтіп тұрғанын айтты

Көрнекі фото: Комсомольская правда

Танымал нумеролог Айсұлу Ахимованың айтуынша, 2018 жыл «2» санынан басталатындықтан, энергиясы мол, берекелі жыл болмақ.

«Келер жылдың алғашқы саны 2-ден басталады, яғни бұл сан нумерология ілімінде энергиясы өте мол деп есептелінеді. Жылдың негізінде – данышпандық, дипломатия, әдеп пен рухани баю жатыр. 2018 жылдың артықшылықтарына келер болсақ, оған тамыр-таныстарыңызбен үнемі жылы қарым-қатынаста болу, спортта жетістіктерге жету сынды ерекшеліктерді атауға болады. Ал жылдың негізгі «кемшіліктері» қатарына шамадан тыс эмоцияға берілу, агрессия мен қысым, орындалмаған армандарды жатқызуға болады.

Түсінікті болу үшін, айта кетейін, 2018 жыл адамдар үшін, алдымен қандай да бір іс-әрекет жасап, cодан кейін ғана қорытынды шығарып, қателік жібергенін түсінетін жыл болады.

Ал негізінде бұл жылы адамдарға қандай шешім қабылдаса да, алдымен жан-жақты ойлап, мәселені таразылап алғандарына жөн болады. Яғни, шешім қабылдамастан бұрын, «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» абзал»,- деп түсіндірді белгілі нумеролог.

Сонымен бірге, Айсұлу Ахимова 2018 жылы рух энергетикасының арта түсетінін, нәтижесінде түрлі қақтығыстардың орын алуы мүмкін деген болжам жасады.

«Расымен де, келер жылы түрлі қақтығыстардың көбею қаупі төніп тұр. Сондықтан, қандай мәселе орнаса да, оны бейбіт әрі дипломатиялық жолмен шешкен жөн болады. Тағы бір айта кетер жайт, егер адамдар өздерін рухани тұрғыда дамытқысы келсе, 2018 жыл олар үшін өте қолайлы жыл болмақ.

Жалпы, 2018 жылы адамдарға қандай бастамаларды қолға алған жөн?

Бұл жылы адамдар өз-өзінің болмысына қарама-қайшы келетін әрекеттерден аулақ болып, түрлі қиын жайттарды басынан кешкенде барынша суыққанды болуы тиіс. Адамдар Құдайға деген сенімдерін жоғалтпай, өз-өздерін жетілдірулері керек», - дейді танымал нумеролог.

Белгілі нумеролог, сонымен қатар, 2018 жылы тұрғындарды отбасылық қарым-қатынаста не күтіп тұрғанына тоқтала кетті.

«2018 жылы отбасылық қарым-қатынаста кикілжіңдердің орын алуына жол бермеген абзал. Себебі, бұл санда ақыл мен ашу бір-бірімен сәйкес келмейді.

Адамдар көп жағдайда өздерін шығармашылық тұрғыда дамытуға, оқу мен медитация, мәселен, спорт, йога, рухани дамуға көп көңіл бөлулері керек. Ал, өздерін рухани тұрғыдан дамытқан жандарды қаржылық табыс күтіп тұр», - деді отандық танымал нумеролог.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Заманауи сән үлгісіне сай жаңажылдық макияждың 15 түрі

Әлем елдерінде неше жастан бастап жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат беріледі?

Бейтарап тумен шығады: Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатысатын болды

Шымкент тұрғыны ықпалды бизнесменнен жеті млн доллар бопсалады деп айыпталуда

40 млн теңге қарыз: ЭКСПО-ны салған жұмысшылар айлығын алты айдан бері ала алмай жүр

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
14
2
3
2
2
6
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір