RU

Жақында ғана Бас мүфти болып сайланған қажы ең бірінші кездесуін ұстазымен өткізді (фото)

Мүфтият тарихында төртінші мүфти Серікбай қажы Ораз алғашқы ресми кездесуін Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рəтбек қажы Нысанбайұлының шаңырағында өткізді деп жазады Muslim.kz.

Ақсақал өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісіп, шəкіртіне ақ батасын беріп:

«Сен Алланың қалауымен Бас мүфти қызметіне діни салада ұзақ жылдар бойы жинақтаған тəжірибеңнің арқасында келдің. Жұмысыңа табыс тілеймін. Жаратушы Ием жар болсын», - деген ақ тілегін жеткізді.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рəтбек қажы Нысанбайұлына ислам дінінің қазақ даласына келгеннен бастап, бүгінге дейінгі тағылымды тарихы қамтылған «Ұлы дала темірқазығы» атты кітапты сыйға тарту етті.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда сүндетке отырғызу тегін болуы мүмкін

Заманауи сән үлгісіне сай жаңажылдық макияждың 15 түрі

Толғағы қысқанда билей жөнелген жүкті әйел желіде жұлдыз болды

Ресей билігі Иманғали Тасмағамбетовті арнайы наградамен марапаттады

Метро пойызын айдап әкетпек болған тыр жалаңаш азамат жұртты әбігерге салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1703518-zhaqynda-ghana-bas-mufti-bolyp-saylangha.html