RU

Жаңа ғашығымен төсекте жатқан суретін бұрынғы жігітіне жіберген қыз өкініп қалды

Жаңа ғашығымен жыныстық қатынасқа түсіп жатқан сәтінен сурет жіберген қыз өзімен ұрысып қалған сүйіктісінің қаһарына ұшырады деп хабарлайды Life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұлыбритания тұрғыны Дэвид Сондерс бұрынғы қызы Сараның көңілдесімен төсек ләззатына батып жатқан суретін көріп, өзін тоқтата алмай қалған. Қызғаныш оты қайнаған жігіт бірден сүйіктісінің үйіне барады. Онда Сараны жаңа жолдасы Майкл Лоусонмен бірге кезіктірген.

Сол сәтте екі жігіт аулада ерегісіп қалады. Айыпталушының айтуынша, өзі өлтіріп алған Майкл қолына пышақ алып шығыпты.

«Мен Майклдың қолындағы пышақты көріп, оны білегінен ұрдым. Ол қашып бара жатып, сүрініп қалды. Біз төбелесіп жатқанда оның қолындағы пышақты байқамай өзіне сұғып алдым. Мен оны өлтіремін деп ойламадым, тек жараламақ болғам» , - дейді Дэвид Сондерс.

Сара мен Дэвид бойжеткеннің опасыздығы үшін айырылысып кетіпті. Қанды оқиға болатын күні олар SMS хабарлама арқылы ұрысқан. Бірақ, жағдайды адам өліміне дейін жеткізуге бойжеткен жіберген интимді сурет себеп болған.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Заманауи сән үлгісіне сай жаңажылдық макияждың 15 түрі

Әлем елдерінде неше жастан бастап жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат беріледі?

Бейтарап тумен шығады: Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатысатын болды

Шымкент тұрғыны ықпалды бизнесменнен жеті млн доллар бопсалады деп айыпталуда

40 млн теңге қарыз: ЭКСПО-ны салған жұмысшылар айлығын алты айдан бері ала алмай жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1703804-zhanha-ghashyghymen-tosekte-zhatqan-sureti.html