RU

Шетелдегі қарындастарымыздың "Нұрлы көш" бағдарламасы жайлы бейхабар

Шетелдегі қандастарымыздың елге келу мәселесіне арналған бағдарламалардың көпшілігі қағаз жүзінде қалып отыр.

Бүгін Алматыда "Жастар үні" қоғамдық бірлестігі мен "Болашақ" республикалық қозғалысы Мәдениет министрлігінің қолдауымен "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында оралман қандастардың өзекті мәселесіне қатысты "дөңгелек үстел" отырысын өткізді.

Басқосуда Жолдау аясындағы қордаланған мәселелер, жастардың мемлекеттік даму барысына қосып жатқан үлесі, экономикалық дағдарыс кезеңіндегі реформалар, көші-қон үдерістерінің қазіргі жай-күйі, мемлекеттік "Нұрлы көш" бағдарламасының барысы, оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдаудың деңгейі және оралмандар мәселесіне қатысты тағы да басқа көкейкесті дүниелер талқыланды. Дөңгелек үстелге белсенді оралман жастар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты."Жезбұйда" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талапбек Тынысбековтың айтуынша, елімізде оралмандар мәселесіне қатысты барлық іс-шара қолға алынған. Арнайы бағдарлама да бар. Бірақ, өкінішке орай оның көпшілігі қағаз жүзінде қалып отыр. Өйткені, оралмандар мәселесімен айналысатын "Көші қон" комитетіне көмек керек, Дүниежүзілік қауымдастықтың өзіне қамқорлық керек. Оның сөзіне қарағанда, "Нұрлы көш" бағдарламасы жайлы шетелдегі қандастарымыздың көпшілігі бейхабар. "Өйткені, елде жасалып жатқан тиімді саясатты жеткізетін арнайы орталықтар жоқ",- деп атап өтті ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/170386-sheteldegi-karyndastarymyzdyn-nyrly-kosh-bagdarlamasy-zhajly-bejhabar.html