RU

"Жыл таңдауы - 2010" қорытындары жарияланды

Кеше Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 2010 жылғы "Жыл таңдауы" - "Жыл адамы" ұлттық жобасының бас жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті.

"Алтын Адам - 2010" аталымының қорытындысы бойынша, жыл спортшысы - Елена Хрусталева, мемлекеттік тілде радиожүргізуші - Ақсұңқар Ақынбаба, жыл әкімі -Ахметжан Есімов, жылдың тележурналисі - Артур Платонов және мәдениет қайраткері - Рубен Андриасян болып танылды. Ал жыл құқық қорғаушысы атағы Қайрат Жұмабековке берілді. Бұл атақ оның қызмет барысында жасаған ерлікке пара-пар ісінің құрметіне арналып отыр.Сонымен қатар, бірқатар арнаулы сыйлықтар да табысталды. Атап айтқанда, Қазақстан ғылымына қосқан үлесі үшін Төрегелді Шармановқа және Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі үшін Ақселеу Сейдімбекке арнайы жобаның арнайы сыйлығы берілді. Ақселеу Сейдімбекке арналған сыйлық марқұмның жары мен қызына табыс етілді.Ал "Жылдың Қазақстан адамы" аталымы бойынша Алтын адам сыйлығы "Келін" фильмінің режиссері Ермек Тұрсыновқа бұйырды. Бұл атақ оның Қазақстанның халықаралық имиджін көтеруге қосқан үлесі үшін тағайындалды. "Экспресс К" мерзімді басылымы журналистика ғұрыптарына адалдығы және қоғамның толеранттылығы мен патриотизмге қосқан үлесі үшін марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/170398-zhyl-tandauy-2010-korytyndary-zhariyalandy.html