RU

Тірі қуыршақ: Келбетін өзгертуден шаршамайтын тағы бір "барби қыз" пайда болды

Бірнеше пластикалық ота жасатып, балалық шақта ойнаған қуыршағының кейпіне енген тағы бір «Барби» пайда болды. Ол - Польшаның Анелла есімді аруы деп хабарлайды lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қыздар үшін балалық шақта әдеміліктің эталоны саналған «барбиге» еліктейтін бойжеткендер күн сайын көбейіп келеді.

Архитектор болып жұмыс істейтін 26 жастағы Анелла бар табысын өзінің хоббиіне айналған пластикалық оталарға жұмсап жүр.

Бойжеткен алғаш рет мұрнына ота жасатқаннан кейін барлық дене мүшесі мен бет-әлпетін өзгерткісі келетінін түсінеді.

Кейінірек ару еріндері мен көкірегінің де көлемін үлкейткен. Бұл операцияларға Анелла 40 мың АҚШ долларын жұмсапты.

«Мен алғашында қуыршақ болуды жоспарлаған жоқпын. Мұның бәрі – кездейсоқ жасалды. Егер адамға өз келбеті ұнамаса, оны өзгертуге барлық мүмкіндік бар. Неге солай жасамасқа?», - дейді ол.

Соңғы бір-екі айдың өзінде Анелланың Instagram желісіндегі оқырмандары күрт еселеніпті. Қазір оның табынушылары 70 мыңнан асады.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да көңілдесін өлтіріп тастаған 37 жастағы әйел он жылға сотталып кетті

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде отырған кісіні қағып өлтірген (фото)

Бейтарап тумен шығады: Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатыспақшы

Қазақстанға келетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті болып шықты

Жыл қателігі: Бір метр жерден гол соға алмаған ресейлік футболшы ұятқа қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1703996-tiri-quyrshaq-kelbetin-ozgertuden-shar.html