Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы қатынасы туралы шындықты айтты

Опубликовано:

Танымал әнші Әйгерім Қалаубаева ел арасында жеке өміріне қатысты тарап кеткен қаңқу сөздерге жауап беріп, Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты. Оның айтуынша, Нұрлан екеуі бір-бірінің сырын он алты жылдан бері жақсы білетін, сырлас достар.

Бұл туралы ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына айтып берді.

Әйгерім мен Нұрлан Әлімжан бірнеше әнді бірге айтып, тойлар мен түрлі іс-шараларды бірге жүргізіп жүр. Жуырда тіпті олар "Екеуіміздің әніміз неге бөлек?" деп аталатын романтика мен сезімге толы сырлы әніне бейнебаян түсірді.

Дәл осы әрекеттері олардың өзара байланысы туралы ақпараттың тарауына негіз болып, жұрт қос әншінің арасында сезім бар ма деген сұраққа жауап таппай дал болған-ды. Енді Әйгерім осы әңгімелерге нүкте қойып, шындықтың басын ашуға бекініпті.

"Бұл жалған ақпарат. Нұрланның жеке өмірі және менің де жеке өмірім бар. Екеумізді байланыстыратын - ұлы өнер. Бұл бейнебаянға өзіміз түсейік деп шештік. Өйткені ондағы сезімді өзіміз көрсете аламыз деп ойладық. Нұрлан да, мен де актерлік шеберліктен кенде емеспіз. Екеуімізді достық, әріптестік байланыстырады. Әрине, бір-біріміздің сырымызды өте жақсы білеміз. Өйткені бір-бірімізді 16 жылдың көлемінде жақсы білеміз. Тек қана достық", - деді ол.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да көңілдесін өлтіріп тастаған 37 жастағы әйел он жылға сотталып кетті

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде отырған кісіні қағып өлтірген (фото)

Бейтарап тумен шығады: Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатыспақшы

Қазақстанға келетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті болып шықты

Жыл қателігі: Бір метр жерден гол соға алмаған ресейлік футболшы ұятқа қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1704001-aygerim-qalaubaeva-nurlan-alimzhanme/

pixel