RU

Қарағандыда облыс әкімі түні бойы шахта кезген: 154 адам жер астынан шықты (фото)

Қарағанды облысында 154 шахтер жер астынан шықты деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кеншілер Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов "Шахтинск", "Тентек", "Ленин" және "Қазақстан" кеніштеріне түсіп, олармен келіссөз жүргізгеннен кейін жер бетіне шығуға келіскен.

12 желтоқсанда Қарағандыға "АрселорМиттал ТМД" бас директоры Парамжит Калон келіп, облыс әкімі Ерлан Қошановпен кездесті.

9 сағатқа созылған келіссөздер кешкі он бір кезінде аяқталып, әкім мен АМТ атқарушы директоры Вадим Басин шахтерлерге аттанды.

00:30-да Ерлан Қошанов "Шахтинск" шахтасының кенжарына түсті. Шахтерлермен екі сағатқа созылған әңгімеден соң 59 адам жер бетіне шықты. 

Ал"Тентек" шахтасында 76 адам шыққан.

Түнгі үш кезінде "Тентек" шахтасында Ерлан Қошанов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасының директорлары, кәсіподақтары, бригадирлері қатысуымен жиналыс өткізді. Шахтерлер қойған талаптар мен компанияның ұсыныстары қайта талқыланған.

Сағат 04:00-де аймақ басшысы "Ленин" шахтасына барып, кенжарға түсіп, шахтерлермен кездескенде 19 адам шықты.

Таңғы 06:00-де облыс әкімі "Қазақстан" шахтасына түсіп, келіссөздер жүргізген.

13 желтоқсан сағат 8-дегі ахуал бойынша барлығы 154 шахтер кенжардан шыққан.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да көңілдесін өлтіріп тастаған 37 жастағы әйел он жылға сотталып кетті

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде отырған кісіні қағып өлтірген (фото)

Бейтарап тумен шығады: Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатыспақшы

Қазақстанға келетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті болып шықты

Жыл қателігі: Бір метр жерден гол соға алмаған ресейлік футболшы ұятқа қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1704097-oblys-akimi-tuni-boyy-shakhtada-bolghan-154.html