Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Халық Дауысы» рейтингі 500 000-нан астам дауыс жинады

Опубликовано:

«Халық Дауысы» атты жылдың ең ауқымды рейтингісінің нәтижелерін шығаруға бірнеше күн қалды.

Біз алдын ала статистиканы есептеп, бірнеше ай жұмыс істеу барысында жоба шамамен 10 миллион қолданушыны қамтитын жарты миллионнан астам дауыс жинай алғанын анықтадық. Айта кетерлігі, дауыс беру бот-шабуылдың салдарынан біраз уақытқа тоқтап қалған болатын.

Осы орайда шенеуніктерге дауыс беру рейтинг сайты қолданушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Нақтырақ айтсақ, Ең белсенді әкімді таңдау көпшіліктің ерекше назарына іліккен.

Кез келген салмақты байқауда әдетте Гран-приді иелену басты жеңіс әрі түйінді сәт саналады. Алайда «Халық дауысында» Жыл адамы номинациясына халық әлдеқайда азырақ назар аударған.

Қалалық номинациялар бойынша халықтың дені Ең әдемі қаланы таңдауға белсенді атсалысты.

Сонымен қатар келесі санаттар бойынша дауыс беру жалғасуда:

Жыл жобасы

Жыл әрекеті

Ең резонанстық сөздер

«Халық Дауысы» рейтингісінде дауыс беру 20 желтоқсанға дейін жалғасатынын еске саламыз.

Сіз қалаған шенеунігіңізге, жобаға және пікірге әлі де дауыс беріп үлгере аласыз!!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1704102-khalyq-dauysy-reytingi-500-000-nan-astam-da/

pixel