RU

XX ғасырдың 80-жылдары стриптизші қыздар қандай болған? (+18)

Лос-Анджелесте Тайлер Хабби есімді фотограф жаңа сатып алған үйінің шатырынан 80-жылдары қала клубтарында жұмыс істеген стриптизші қыздардың суреттерін тауып алды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Суреттерді түсіріп, сақтаған сол үйдің 30 жыл бұрынғы Мейсон есімді тұрғыны болып шықты. Ол университетте профессор болып жұмыс істейді. Ал кешкісін қызметін бір сәт ұмытып, қаладағы барларда бишілерді суретке түсіруді хоббиіне айналдырған.

Мейсон қаланың көптеген стриптиз-бишілерін таниды. Соның дәлелі ретінде суреттерге қыздардың есімін, түсірілген уақыты мен бардың атауына дейін жазып қойыпты.

Мұндағы бойжеткендер заманауи бар бишілеріне онша ұқсаймайды.

Профессор Мейсон 1984 жылы көз жұмады. Арғы өмірге аттанбас бұрын өзі ұнатқан суреттер жұрттың есінде сақталсын деп журналда жариялаған.

Фотодағы бойжеиткендерді қазіргі заман әріптестерінен ерекшелейтін бірнеше белгіні байқауға болады: 80-жылғы бишілер бүгінгі бишілерге қарағанда ересек көрінеді. Сондай-ақ, олардың дене пішіні фитнессіз-ақ сымбаттылыққа ие болған.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Елімізде алдағы күндері тұман түсіп, аяз болады

Ұзақ әрі мағыналы өмір сүрудің басты құпиясы белгілі болды

ШҚО-да әккі ұры ауыл тұрғынының қымбат тонын ұрлап кетті

Әзілкеш Дәурен Айдарқұлов төрт баласын қалай асырап отыр?

19 жастағы атақты модель 20-қабаттан жалаңаш күйінде құлап көз жұмды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1704261-xx-ghasyrdynh-80-zhyldary-striptizshi-qyzdar.html