RU

Шымкентте баласымен бірге ваннада көз жұмған әйел ішімдікке құмар болған

Шымкентте Привокзалка ауданының тұрғыны жуынатын бөлмесінде көрші әйел мен оның бір жасар қызының өлі денесін тапқан еді. Тексеру кезінде мамандар марқұмның мас күйде болғанын мәлімдеді деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өлі денелерді көрген қарт қорқыныштан әлі есін жияр емес. Оның айтуынша, қызының үйін жалдап тұрып жатқан 39 жастағы көршісі Наталья ішімдікке тойып, егіз қыздарын ертіп кешкісін жуынып алуға келген.

«Ол үйімізді жалдап тұрып жатқан. Кеше жуынуға келгенде өте қатты мас болатын. Аяғын баса алмай құлай берді. Мен оны бір-екі рет көтердім. Кейін өзі «шомыламын да шығамын» деген соң жайына қалдырдым. Қыздарды ұйықтасын деп жатқызғанмын. Аминкасы ұйықтап қалыпты. Ал екіншісі анасының жанына барған», - дейді куәгер.

Оқиға орнына тездетіп жеткен дәрігерлер марқұмдардың газдан уланғанын мәлімдеді.

Егіздердің әкесі алысқа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, газдан улану оқиғалары соңғы кезде жиілеп барады. Мәселен, Шымкенттегі Братская көшесінің бойында ораналасқан Хамза ауданында 24 жастағы қыз тілсіз жаудан өмірімен қош айтысса, Республика даңғылында қарт әже үш немересімен бірге тілсіз жаудың құрбаны болды.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Әскер жіберген жоқпыз": ІІМ орынбасары Қарағандыдағы жағдайға қатысты түсінік берді

Қызылордада базарға күшік сатуға кеткен екі оқушы төрт күннен бері табылмай жатыр (фото)

Қарағандыда облыс әкімі түні бойы шахта кезген: 154 адам жер астынан шықты (фото)

Ернар Айдар алғаш рет елден жасырған келіншегі туралы айтып берді

Ақтөбеде улы қоспалармен алкоголь өнімдерін шығарған жасырын цех әшкере болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1704328-shymkentte-balasymen-birge-vannada-ko.html