RU

Айдай Исаева: Мен әлі күнге дейін қамыр жая алмаймын

Ел алдында жүрген арулар, жұлдыз болғанына қарамастан келіндік міндетінен қашып құтылмақ емес. Олардың бірі әлі күнге дейін қамыр жая алмаса, енді бірі өзіне тиісті парызының кейбірін орындамайтын көрінеді деп хабарлайды НТК арнасындағы Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Кейбір кездері өзімді ыңғайсыз сезінем. Көбінесе түсірілімдерде жүрем, гастрольдік сапарларым бар. Содан кейін, үйге келгенде ішімдегі нәрселерім, ыңғайсыздық болып тұрады да. Ойбу, мен тамақ жасаған жоқпын, үй жинаулы емес деген сияқты", - әнші дейді Аша Матай.

Түсірілімдерден дамыл көрмейтін Аша Матай, келіндік міндетін бұлжытпай орындауға тырысады. Отбасының «отымен кіріп, күлімен шығуға» әрдайым әзір. Ал әнші Шахизада кезінде нағыз «жұлдызды келін» болғанын айтады.

"Енем бір, үйді жинаймын, көмектесейін деп бауырсақ жасап жатыр екен. Барып бірдеңеге көмектесейін десем, жо-жо-жоқ айналайын көмектеспей-ақ қой, өзім жасаймын, тырнақтарың сынып қалады деді", - дейді әнші Шахизада.

Ал Қазақстан аруы Айдай Исаеваның Шымкентке келін атанғанына бірнеше жыл болса да, отбасылық өмірде «білетіні бір тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз» екен.

"Мен әлі күнге дейін қамырды жая алмаймын. Үйде қайын сіңліммен бірге тұрамыз. Ол торт жағынан, илеу жағынан маған үйретеді негізі. Бірақ мені кішкентай кезімде мамам ешқашан жұмсаған емес", - дейді модель Айдай Исаева.

Ал актриса Айнұр Ілиясованың, жас келіндерге өз айтары бар.

"Тек қана жаңа жұртқа үйрену керек, жаңа туысқандарға үйрену керек. Оларды ең бастысы жүрекпен сүю керек. Сонда бәрі жақсы болады", - дейді актриса Айнұр Ілиясова.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Әскер жіберген жоқпыз": ІІМ орынбасары Қарағандыдағы жағдайға қатысты түсінік берді

Қызылордада базарға күшік сатуға кеткен екі оқушы төрт күннен бері табылмай жатыр (фото)

Қарағандыда облыс әкімі түні бойы шахта кезген: 154 адам жер астынан шықты (фото)

Ернар Айдар алғаш рет елден жасырған келіншегі туралы айтып берді

Ақтөбеде улы қоспалармен алкоголь өнімдерін шығарған жасырын цех әшкере болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1704545-otandyq-zhuldyzdar-kelindik-mindetin.html