RU

Ақтөбелік кәсіпкер саунада қыдыратын шенеуніктің ақшасын төлеп шаршаған

Ақтөбеде саунада демалып, ақшасын төлеуге жергілікті кəсіпкерлерді шақыратын лауазымды қызметкердің əрекеті туралы ақтөбелік журналист желідегі парақшасында жазды. Тілшіге шендінің əрекетін кəсіпкердің өзі айтып берген деп хабарлайды NUR.KZ.

"Саунада чайкалар неғып жүр?! Ақтөбенің шенеуніктері кəсіпкерлерге қысым көрсетуін қояр емес. Бір чайка түнімен саунада жүреді де, есеп айырысатын кезде кəсіпкердің мазасын алып, шотты жауып беруін бұйырады. Егер қолында билігі бар шенді кəсіпкерді "балалар немесе қарттар үйіне керек-жарағын алып бер" деп қысса, түсінер едім. "Бір өнерліні қолдау үшін ақша тауып бер" десе де, кəсіпкерлер тарапынан қарсылық болмас еді.

Əкімдікте жүріп айлық алып отыр екенсің, неге өз ақшаңа саунаға бармайсың? Неге кəсіпкер көтеруі керек? Рас, кəсіпкерлер бұл мəселені айтып, "Атамекен" палатасынан көмек сұрай алмас. "Даму" қоры да ештеңе істей алмас. Байғұс кəсіпкер де билік өкілінен қорқады. Ақтөбедегі чайка чиновниктердің дəурені жүріп тұр", - дейді журналист Асқар Ақтілеуов.

Танымал журналист шенеуніктің кім екені туралы Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевқа айтып беруге дайын.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Елімізде алдағы күндері тұман түсіп, аяз болады

Ұзақ әрі мағыналы өмір сүрудің басты құпиясы белгілі болды

ШҚО-да әккі ұры ауыл тұрғынының қымбат тонын ұрлап кетті

Әзілкеш Дәурен Айдарқұлов төрт баласын қалай асырап отыр?

19 жастағы атақты модель 20-қабаттан жалаңаш күйінде құлап көз жұмды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1704822-aqtobelik-kasipker-saunada-qydyraty.html