RU

ОҚО әкімі Түймебаев түркиялық бизнесменді кімнің қаржысына күтті?

Түркиялық бизнесмен Халил Ұлыер өзінің желідегі парақшасында Шымкентке келгенін, онда өзін Жансейіт Түймебаевтың қалай күткенін айтып мақтанып, фотолар мен видео салған. Тіпті, Астана мен Шымкент арасын қымбат ұшақпен аралаған соң, әлеуметтік желілерде қонақ бюджет есебінен күтіліп жатыр деген әңгіме де желдей ескен. Алайда әкімдіктегілер мұны теріске шығарды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айтуларынша, Халил Ұлыер туризм, медиа және азық-түлік саласымен айналысатын қалталы азамат екен. Онымен Жансейіт Түймебаев Түркияда елші болып жүрген кезінде танысыпты. Ұлыер Түркияның бірнеше қаласында Назарбаев атындағы даңғыл мен саябақ ашуға себепкер болған да біздің шенділер мақтанышпен жеткізді.

Сондықтан, Қазақстанға қыдырып келген оған бір дастархан жайғанымыз болмаса, ұшағын төлемек түгілі бюджеттен көк тиын да шығарғанымыз жоқ деп ақталды.

"Әр инвестор өзінің жеке қызығушылығымен және осы өңірдің бір инвестиция салу мақсатымен келеді. Келген инвесторлармен кездесіп, іскерлік бағытта кездесулер өткізіп әңгімелесу тиісті мүмкіндіктерін таныстыру облыс әкімінің міндеттерінің бірі боп саналады. Әрине, бұл сапар шығындарының барлығы тиісті инвестордың тарапынан өтеледі. Облыстық әкімдік тарапынан бұл мәселеге ешқандай қаржы-қаражат қаралмаған", - дейді ОҚО әкімінің баспасөз хатшысы Бейсен Тәжібаев.

Еске сала кетейік, желіде түркиялықтармен сигара тартып отырған Жансейіт Түймебаевтың суреті таралып, қызу талқыға түскен еді.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе облысында 14 жастағы қыз 19 жастағы жігітпен "азаматтық некеде" тұрған

Өлім жазасына кесілсін: Оралда жас келіншекті баласымен бірге өлтірген қаскөй сотталуда

Сейфуллин Жолбарыс өзінің екіқабатты үйін көрсетіп, елді қызықтырып қойды (фото)

Танымал әнші отбасылы еркекпен көңіл жарастырғанын ашық айтты

Асқар Ақаевқа жұмыртқа лақтырған кім?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1705143-oqo-akimi-tuymebaev-turkiyalyq-biznes.html