RU
Танымал әншінің жоғалып кеткен жиені бұзақылар қолынан қайтыс болды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал әншінің жоғалып кеткен жиені бұзақылар қолынан қайтыс болды (фото)

Расказать Вконтакте

Елімізге танымал Әбдірайымовтар отбасында ауыр қайғы орын алды. Продюсер Ерғали Әбдірайымов пен "Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың жиені Асхат кісі қолынан қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал әншінің жоғалып кеткен жиені бұзақылар қолынан қайтыс болды (фото)

Фото Instagram желісіндегі ашық дереккөздерден алынды

Бұл туралы олардың өздері Instagram парақшасына жазып, елге қаралы хабарды жеткізді.

1991 жылы туған Мейірманов Асхат Мұратұлы 10 желтоқсан күні сағат 20.30-да үйден шығып кеткен бойда қайтып оралмаған. Соңғы рет оны әуежай маңынан 11 желтоқсан күні көрген. Жоғалып кеткен Асхатты оның туыстары сабыла іздегенімен, таба алмаған. Ол сол күйі үйге оралмай, кейіннен Әбдірайымовтер отбасы оның кісі қолынан қайтыс болғанын хабарлады.

"Алтын бала Асxатым, жаның жәннәтта болсын. Қабырғамыз қайысып, көңіл айтамын қарындасым. Көрмеген қызығыңды Фердаус жәннәтінде көруді Алла нәсіп етсін. Осындай қатыгездікке барғандар бұл өмірде де, арғы өмірде де жазасын алады", - деп жазған өз парақшасында Ерғали Әбдірайымов.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе облысында 14 жастағы қыз 19 жастағы жігітпен "азаматтық некеде" тұрған

Өлім жазасына кесілсін: Оралда жас келіншекті баласымен бірге өлтірген қаскөй сотталуда

Сейфуллин Жолбарыс өзінің екіқабатты үйін көрсетіп, елді қызықтырып қойды (фото)

Танымал әнші отбасылы еркекпен көңіл жарастырғанын ашық айтты

Асқар Ақаевқа жұмыртқа лақтырған кім?

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
0
5
5
72
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір